Қазақстанға танымал жарық жұлдыздарымыз жетерлік. Олар еліміздің туын биікке көтеріп, қазақ елін әлемге танытуда. Солардың кейбірі:
Димаш Құдайберген
Димаш – әлемге танылған қазақ әншісі. 2-3 жасынан музыкаға әуестеніп, 5 жасынан фортепианода ойнауды үйренген. Бала кезінен сахналарға шығып, өнерге деген құштарлығын көрсетті.
2015 жылы «Славян базары» халықаралық фестивалінде гран-при иеленді;
2017 жылы Қытайда өткен «Singer-2017» вокалдық байқауында халықаралық танымалдылыққа ие болды.
Жанар Дугалова
Жанар – Қазақстанның танымал эстрада әншісі. Өнерге 5-6 жасында қызығып, вокалдық конкурстарға қатысып, алғашқы жеңісін сол кезде иеленді.
2012 жылдан бастап кәсіби музыкада белсенді қызмет атқара бастады;
2014 жылы Turkvision Song Contest байқауында Қазақстан атынан жеңіп, халықаралық деңгейде танымал болды.
Геннадий Головкин
Головкин – әлемге танымал қазақ боксшысы. Спортқа бала кезінен қызығып, 8 жасынан бокспен айналыса бастады.
2004 жылы Олимпиадада күміс жүлде иеленді;
2006 жылдан бастап кәсіби боксқа өтті және орта салмақта әлемнің ең қауіпті боксшыларының біріне айналды.
Бұл жарық жұлдыздарымыз Қазақстанды әлемге танытқан мақтанышымыз. Олар – еліміздің рухын көтеріп, жаңа жетістіктерге шабыт беретін үлгі.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Нұрматова Мадина
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі