Жастар – елдің болашағы болғандықтан, олардың алдында тұрған мәселелерді анықтап, шешу аса маңызды. Бүгінгі таңда жастар арасында әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және рухани бағыттағы өзекті мәселелер байқалады. Қазіргі таңда қоғамда көптеген маңызды мәселелер бар.Олар әр адамның өміріне әсер етеді.Бұл мәселелерді білу және түсіну өте маңызды. Жастардың болашағы ең алдымен білімге тікелей байланысты .Сондықтан:білім алу мәселесіне тоқтала өтсем.Кейбір оқушылар білім алуға толық мүмкіндікке ие емес.Әсіресе ауыл мен қала мектептерінде айырмашылық бар.Қала мектептерінде оқу құралдары,заманауи технологиялар және интернет желісі жақсы дамыған.Компьютер сыныптары және қосымша үйірмелер бар. Ал ауыл мектептерінде кейде мұндай мүмкіндіктер жеткіліксіз болады.Кейбір мектептерде компьютерлер аз,интернет әлсіз немесе мүлде жоқ болуыда мүмкін.Сонымен қатар,пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі де кездеседі.Бұл оқушылардың білім сапасына әсер етеді. Ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты азайту үшін білім беру саласына тең мүмкіндік жасалуы тиіс.Әр оқушы қай жерде тұрса да,сапалы білім алуға құқылы. Екінші маңызды мәселе-кәсіби бағытты дұрыс таңдамау. Кейбір жастар мамандықты өз қызығушылығына емес, ата-ананың айтуымен таңдайды. Нәтижесінде, болашақта өз ісіне қанағаттанбауы,қызығушылығының болмауы салдарынан оқуға деген талпынысы да ,ниеті де төмендей береді. Үшінші мәселе-жұмыссыздық мәселесін атап өтуге болады. Көптеген жас мамандар оқу орнын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс табуда қиындықтарға тап болады. Тәжірибенің жоқтығы, жалақының төмендігі және жұмыс орындарының шектеулі болуы бұл мәселені ушықтырып отыр.Жалақының төмендігіне байланысты қазіргі таңда жастар өзі оқып,аяқтаған мамандығын емес,басқа да қиын жұмыстарды жасап кетеді. Төртінші мәселе-психологиялық мәселелер де өзекті. Қоғамдық қысым, әлеуметтік желілердің әсері, өз-өзіне сенімсіздік, жалғыздық сезімі жастар арасында депрессия мен күйзелістің артуына әкеліп соғуда. Қиын сәтте жақындарынан қолдау болмағандықтан,күйзеліске түсетіндер өте көп.Өкінішке қарай, бұл мәселелер кейде дер кезінде анықталмай, ауыр салдарға ұ әкелуі мүмкін. Бесінші мәселе. Тағы бір алаңдататын жайт – зиянды әдеттердің таралуы. Темекі шегу, алкоголь мен есірткіге тәуелділік жастардың денсаулығына ғана емес, болашағына да қауіп төндіреді. Бұған көбіне өзінің таңдаған ортасына тікелей әсер етеді. Қорытындылай келе, жастар арасындағы өзекті мәселелерді шешу үшін мемлекет, қоғам және отбасы бірлесе әрекет етуі қажет. Жастарға сапалы білім беру, жұмысқа орналасуға қолдау көрсету, психологиялық көмек пен салауатты өмір салтын насихаттау – жарқын болашақтың кепілі.
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі