Қазақстанның елордасы Астана бүгінде тек саяси-әкімшілік орталық қана емес, сонымен қатар жастардың арманы мен мақсаты тоғысатын қалаға айналып отыр. Қала халқының едәуір бөлігін жастар құрайды, бұл Астананың оқуға, жұмысқа және өзін дамытуға ұмтылған жас буын үшін тартымды орта екенін көрсетеді. Елорда жастарды тартуда, ең алдымен, білім беру саласымен ерекшеленеді. Астанада оннан астам ірі жоғары оқу орны жұмыс істейді. Назарбаев Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Astana IT University сияқты білім ордалары отандық және шетелдік студенттерге сапалы білім беріп келеді. Мыңдаған студенттің осында білім алуы Астананы жастардың интеллектуалдық және ғылыми орталығына айналдырды.
Жұмыс пен мансап тұрғысынан да елорда кең мүмкіндіктер ұсынады. Мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі жобалар арқылы жас мамандар еңбек нарығына бейімделіп, тәжірибе жинақтайды. Қалада ірі компаниялар, бизнес-орталықтар, стартап инкубаторлар мен IT жобаларға арналған алаңдар шоғырланған. Бұл өз кәсібін бастағысы немесе заманауи салада дамығысы келетін жастар үшін үлкен мүмкіндік.
Астана – белсенді өмір салтын ұстанатын жастар қаласы. Мұнда спорт кешендері, мәдени орталықтар, коворкинг кеңістіктер мен заманауи кітапханалар саны артып келеді. Жастардың қоғамдық өмірге қатысу деңгейі де жоғары: волонтерлік қозғалыстар мен жастар ұйымдары елорданың әлеуметтік өмірінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, жастар үшін белгілі бір қиындықтар да жоқ емес. Әсіресе баспана мәселесі мен өмір сүру құнының салыстырмалы түрде жоғары болуы көпшілікті алаңдатады. Алайда білім алу, кәсіби тәжірибе жинау және болашаққа нақты қадам жасау тұрғысынан Астана – жастар үшін ең мүмкіндігі мол қалалардың бірі болып қала береді.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Амангелді Мадина
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі