Өлең, жыр, ақындар

Ұлт өнерінің ұлы тұлғасы – Асанәлі Әшімов

     Асанәлі Әшімұлы Әшімов 1937 жылғы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Ол қазақ киносы мен театр өнерін әлемдік деңгейге көтерген бірегей тұлғалардың бірі ретінде танылды. 1956–1961 жылдары Асанәлі Әшімов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тәмамдады. 1961 жылдан бастап «Қазақфильм» киностудиясында актерлік қызметке қабылданып, ұлттық кино өнерінің дамуына зор үлес қосты.

Асанәлі Әшімов — кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, режиссер, театр педагогы, профессор. Ол Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980) атақтарына ие болды. Сонымен қатар Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973) және КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).

                                               

     Актердің сахнадағы жарқын бейнелері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрымен тығыз байланысты. Ол М. Әуезовтің «Абай» трагедиясында Керім, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Айшуақ, «Таңғы жаңғырықта» Жарас бай рөлдерін сомдады. Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» Қодарды, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламанды, И. Вовнянконың «Апатында» басты кейіпкерді бейнелеп, сахна өнерінде өшпес із қалдырды. Бұл рөлдер арқылы актердің терең шеберлігі мен көркемдік өрнегі айқын көрінді.

Асанәлі Әшімов — ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген, бірнеше буын актерге үлгі болған дара тұлға. Ол 2025 жылғы 21 желтоқсанда дүниеден өтті. Оның шығармашылық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорында мәңгі сақталады.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Бегимбаева Жамиля


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар