Өлең, жыр, ақындар

Жастар неге кітап оқымайды?

Қазіргі уақытта біз жастардың кітап оқығысы келмейтінін көп көреміз, бірақ неге оқымайтынын сұрамағанбыз. Әрқашан тек телефондарына қарап отырған балаларды көреміз, көшеде немесе саябақта отырғанда кітапқа қызығушылық танытқан жастарды көрмейміз, кітап оқып отырған адам болса орташа жасты немесе қарт адамдар болады. Менде кішкентай кезімде кітап оқуды жақтыртпайтынмын, кітап оқы дегенде, ұстап жатырып ұйықтап қалатынмын әлде, бір іс тауып қашатынмын. Көбінесе үйге ағам келгенде мақал-мәтел, өлеңдер жаттатқызып оқытатын. Кешке дейін телефонсыз соны жаттаймыз, қобалжып барып айтатынбыз. Өсе келе сол оқығанның бәрі маған керек болды, сабақта отырып мақал-мәтел айтудан жарыстар, сөздік қорың жақсарып әр түрлі адаммен тіл табысып кете аласың.  Кітап оқуды мен он үш жасымда бастадым, одан бері қарасам үш жыл өтті, осы үш жылда менің ой өрісім өсіп, мінезімде өзгере бастады. Күні бойы телефонға қараудың орнына, кішкене болсада бір сағатымды оқуға бөлемін. Үйде жиырма шақты кітап оқыппын. Әрине аз, бірақ оқымай уақытты босқа өткізудің орнына өзімді дамытуға тырыстым

Менің ойымша, жастар кітап оқымайды себебі, мектепте жүргенде оларға кітапты күштеп оқытатын. Әдебиет сабағында өзіңе ұнамаған тақырыпты талдайсың, дұрыс түсінбесең жаман баға аламын ба деп уайым жейді. Әр адамға әр түрлі жанр, оқиғалар ұнауы мүмкін. Ал мектепте сен не берді соны оқуың керек сол үшін ол қиындық танытады. Мектеп қабырғаларында әдебиет сабағын мен жақсы оқыдым, себебі мен оқығанда кәдімгідей болған оқиғаны көз алдыма елестетіп оқитынымын, елестету арқасында ақпаратты тез түсінуге болады, кейбіреулері олай жасай алмады сол үшін кітап оқу қиындық тудыруы мүмкін.

Кейбір адамдар бір орында отырып оқи алмайды әлде оқыған заты айтуларынша миына кірмейді, әрине осындай кездеде өзіңе ұнаған автор кітап болуы керек. Адамда концентрациясы төмен болуы мүмкін, қасында визуалды істеп тұратын бірнәрсе керек болып  тұрады. Ондай кезде дыбысты кітап тыңдауға болады, ол оптималды нұсқа және кітапты тез уақытта бітіруге болады.

Кітап оқудың пайдасы бұл сенің миыңды қыртыс көбейеді, мида қаншалықты қыртыс көп соншалықты адам ақылдырақ. Жастарда енді дамып келе жатқан ми болғандықтан, болашақта ол өте қатты көмектесуі мүмкін. Кітап оқудың арқасында жастар өздеріне достар таба алады, араларында бір-біріне ұқсайтын зат болса тез тіл табысып кете алады. Білім  мен ой-өрісі дамып жаңа мәлімет алады, әлемді теренірек таниды, критикалық жағынан көмектеседі, жады үлкейіп есте сақтау қабілеті жақсарады.мінез бен тұлғаны қалыптастырады. Көбінесе байқалмайды бірақ, сен өз ойыңды еркін және бос жеткізе аласын, сөздік қорың көбейіп көптеген жерде өзіңнің ойыңды адамға түсіндіре аласың. Болашақта адамды деменция, альцгеймер, депрессия деген аурулардан сақтап қалуы мүмкін. Айта берсек көп бола береді.

Көбінесе болатын жағдай ол-материалдық қиындықтар, кітапты оқығын келіп дүкенге барғанда үлкен бағаларды көріп оқығысы келмейтіндер болады. Ол кезде электронды кітап оқып көруге болады, қазіргі кезде электронды кітап оқу ыңғайлырақ. Оданда тиімдісі бұл кітап оқуға арналған планшеттер, оның тиімді жағы бұл сенің көзіңді ауыртпайды және көптеген кітапқа ақша құртудың орнына бір жжерге көп кітапты сидыруға болады, саябақ автобуста оқуға тиімді .

Соңғы уақытта балалар тек әлеуметтік желілерді көре бергеннен тез эмоцияларға тәуелді болып қалған. Кітап ол- сол эмоцияларды қадамдап әкеледі.

Кітап оқып бастамас үшін өзіне керек және қызық жанрды таңдап алса болады, егер олай істемесе кітаптан жалығып қалуға болады. Бастапқыда авторлармен танысып олардың кітаптарын қарап көруге болады. Әр адамда әртүрлі талғам сол үшін нақты айта алмаймын. Бастысы қалаған және өзіңе қызықты кітап алсаң болады. Кітап таңдаған соң тыныш, өзіңді еркін сезінетін жерге барып оқығанда, болып жатқан оқиғаға сініп кете аласың.

Қорытындылай келе айтсақ, жастардың әрқашан өз еркі бар. Қазір оқымасада болашақта оқуы мүмкін. Кітап оқу білу екі бір адамның қолынан келмейтінін түсіне білу керек. Ата анасына айтатын болсақ, балаларды қысыммен ешнәрсе істете алмаймыз, не болсада өз ойымен жүреді. Қазір келмесе болашақ және тәжірибемен келеді. Жастар кітап оқымауы тек олардан байланысты. Кітап оқудың пайдасы көп, тек оны көбінесе жастар байқамайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз