Елорданың бораны мен қақаған аязы көпшілікке қиындық тудырса,басқалар үшін бұл - нағыз шығармашылық кезеңі. Астаналық аула тазалаушы ИРИК ШАЙМЕРДЕНОВ қарапайым қарды жансыз,тірі өнер туындысына айналдырып,қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді.
59 жастағы Ирик ағай өзінің ерекше шеберлігімен танымал. Ирик ағай тек қардан емес,құмнан да түрлі мүсіндер жасайды.
Шебердің жұмыстары алғаш рет Ольга Аполонованың THREADS желісіндегі жазбасынан кейін кеңінен таралды.
Желі қолданушылар:
“Нағыз өнерді күтпеген жерден кездестіруге болады екен”,
“Жүрегінде өнері бар адам үшін қарапайым қар да шабыт көзі”— деп өздерінің пікірлерін жазуда.
ОТБАСЫЛЫҚ ҚОЛДАУ:
Ирик Шаймерденовтің бұл өнеріне балалары мен немерелері ерекше қолдау көрсетіп,кейде мүсіндерді жасауға көмектеседі. Шебердің айтуынша,әрбір мүсін адамдарды балалық шаққа жетелеп,ерекше көңіл күй сыйлайды. ИРИК ШАЙМЕРДЕНОВ өз ісіне деген махаббаты арқылы Астананың қысын түрлі-түсті ертегіге айналдырып жүр.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Тажигалиева Аяулым
- Жалаладдин Руми
- Жалаладдин Руми
- Қасым-Жомарт Тоқаев
- Қасым-Жомарт Тоқаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі