Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбайдің қайғылы оқиғасы тек қоғамды шошытумен ғана шектелмей, елімізде әйелдер қауіпсіздігі, қудалауға (сталкингке) қарсы шаралар және полицияның алдын алу әрекеттерінің тиімділігі жөнінде маңызды сұрақтарды қайта көтерді. Журналистер жариялаған деректер бойынша бұл қаза кездейсоқ емес, алдыңғыдан байқалған қауіпті сигналдармен байланысты болғаны анық көрінеді.
Қазақстан ішкі істер министрлігі Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істі бақылауына алды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.Министрлік жас қыздың өлімін тексеру үшін "тәжірибелі мамандардан арнайы тергеу тобы құрылғанын" айтады.
Нұрай мектепті үздік бітіріп, Алматыда «сән және дизайн» мамандығы бойынша білім алған. Қысқы демалысына орай ауылына келген. Күдікті жігітпен яғни Аймахан Шерханмен (28-29жаста)ол өткен жазда танысқан. Жігіт үйленуге ұсыныс жасағанмен, Нұрай бас тартқан.2025 жылдың қазан айында Шерхан Нұрайды еркінен тыс алып қашқан. Полицейлердің көмегімен қыз жігіттің үйінен босатылып, туыстары оның қауіпсіздігі үшін арыз жазған. Кейін Нұрай кешірім бергенімен, жігіт тарапынан қудалау мен қорқыту тоқтамаған.
Қайғылы оқиға 11 қаңтар 2026 жылы кешке Шымкентте болды.Нұрай дүкенге шыққан сәтінде күдікті оны аңдып жүріп, көшеде қуып жетіп, бірнеше рет пышақ сұққан. Нәтижесінде бойжеткен ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды.
Бастапқыда жігіт өзін сыпайы ұстағанымен, уақыт өте келе қызға психологиялық қысым көрсетіп, қорқыта бастаған. Туыстарының айтуынша, 28 жастағы Аймахан Шерхан қазан айында Нұрайды Шымкентке алып қашқан. Кейін полицияның көмегімен қыз босатылғанымен, жігіт оны аңдуын тоқтатпаған.
Марқұмның жақындарының сөзінше, күдікті Нұрайды үнемі бақылап, әлеуметтік желі арқылы мазасын алып, қорқыту сипатындағы хабарламалар жолдап отырған. Тіпті «мені түрмеге отырғыза алмайды» деп ашық айтқан. Нұрай бұл әрекеттердің барлығын дәлел ретінде скриншот жасап жинағанымен, полицияға жолданған арыздар дер кезінде қаралмаған.
Туыстарының айтуынша, Аймахан Шерхан Нұрайдың сабақ кестесін біліп алып, оқу орнына барып, бетпе-бет қорқытқан. Қыздың қатты үрейленгені соншалық, ағасы оны сабаққа апарып, қайта алып кетуге мәжбүр болған. Соған қарамастан, күдіктіге қатысты нақты шара қолданылмаған.Марқұмның жақындары бұл қылмыстың алдын алуға болар еді деп есептейді. Олар Аймахан Шерханды адам ұрлау, жүйелі қудалау (сталкинг), қорқыту және адам өлтіру баптары бойынша ең қатаң жазаға тартуды талап етіп отыр. Сондай-ақ жәбірленушінің арыздарына тиісті деңгейде әрекет етпеген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің де жауапкершілігі қаралуы тиіс екенін айтады.
Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Марқұм – студент Нұрай Серікбай. Оны 11 қаңтар күні кешке Төлеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында пышақтап кеткен. Бейнежазба кадрларынан қыздың қашуға тырысқанын, кейін қарсылық көрсетіп, ал жігіттің оны ұрып-соғып, пышақ сұққанын көруге болады. Оқиғадан соң күдікті оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталды. Нұрай ата-анасымен бірге қылмыс болған жерге жақын орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде тұрған. Оның екі ағасы бар, өзі отбасының кенжесі болған.
Нұрайдың туыстары марқұмның бұған дейін күдіктінің үстінен полицияға шағымданғанын, алайда қызметкерлердің қыздың арызын қабылдамай қойғанын айтып, полицияны немқұрайлық танытты деп айыптады. Кейін іс ішкі істер министрлігінің бақылауына алынғаны айтылды.
20 қаңтарда Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Нурлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Бұл олардың марқұмның жақындарының арыздарын уақтылы және дұрыс қарамауы мүмкін деген күдікпен жасалған.
Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті бұл істі тергеп, қызметтік тексеріс жүргізуде.
Бұл трагедия ел бойынша қыздардың қауіпсіздігі, әсіресе сталкинг пен қорқыту жағдайларын дер кезінде тоқтату мәселелеріне қатысты кең талқылауларға себеп болды.
Президентке Ұлттық құрылтайға 130‑дан астам өтініш түскені туралы да ақпарат бар, бұл көпшіліктің оқиғаға реакциясының күшті екенін көрсетеді.
Еліміздің президенті Қасым‑Жомарт Тоқаев бұл трагедияны қоғамдық резонанс тудырған оқиға ретінде бағалап, тергеуді ерекше бақылауға алуды, сондай‑ақ полиция әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.
Президент оның қоршаған ортасына жасалған аңду мен қоқан‑лоқы әрекетіне назар аударып: «қыздың таңдауы мен еркіндігін ешкімнің шектеуге хақысы жоқ» деген пікір айтты.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Әбубәкір Аружан
- Жалаладдин Руми
- Жалаладдин Руми
- Қасым-Жомарт Тоқаев
- Қасым-Жомарт Тоқаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі