Өлең, жыр, ақындар

Жаңашыл формациядағы оқытушылар

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.А

 

Қазіргі таңда техникалық жəне кəсіптік білім жүйесіне жаңашыл формациядағы оқытушылар қажеттілігі туындайды. Олар өз ретінде икемді, мобильді, дербес болу тиіс, сондай-ақ оларда сала аралық кəсіби жəне педагогикалық білім, дағды, машық жəне құзыреттілік сипаттарары болуы тиіс. Сонымен қатар өзінің педагогикалық практикасына өзгертулер жасай алуы керек. Бұл оларға өмір бойы оқытудың қажеттілігіне көз жеткізуге, мамандарды дайындау жүйесіне инновациялық өзгеріс енгізудегі жауапкершілік деңгейіне, өздерінің рөлдерін жақсы түсінуге, оқытудың бүгінгі таңдағы кəсіби талаптарымен жағдайларының өзгеруіне тиімді əсер ете алуын қамтамассыз етеді. Қандайда бір маман техникалық жəне кəсіптік білімде оқытуды жүргізу үшін арнайы оқу оқып, сертифицирленген болу керек.

Осы мақсатпен, «Кəсіпқор» Холдингі» И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің «Информатика, есептеу техникасы және байланыс радиотехникасы» циклының арнайы пән оқытушылары Утепова М.К., Уйсинбаева Г.Т., Фазылова М.Н. Минск қаласында (Беларусь) осы жылдың мамыр-мусым айларында біліктілік арттыру бағдарламаларын оқып білімдерін шыңдады. «Кәсіпқор» холдингі 2011 жылы әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құру және дамыту үшін құрылған. «Кәсіпқор» желісіне Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік ұйымдары қатарынан 10 әріптес колледж енгізілген. Оның ішінде И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі бар. Холдингтің міндеті – мемлекеттің инновациялық дамуына керекті орта буынды техникалық мамандарды даярлау болып табылады.

Білім беру бағдарламаларының  мазмұнын жаңғырту мақсатымен эксперименталды оқу бағдарламаларын  бейімдеу және енгізу жүзеге асырылуда. Эксперименттік білім беретін бағдарламалар Холдингпен және оның серіктестерімен әзірленген және жұмыс берушілердің талаптары ескеріле отырып, модульдік тәсіл негізінде әзірленген, онда әрбір модуль нақты жұмыс түрлеріне құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін бағытталған.

Бұл бағдарламаны іске асыруды бастау 2016 жылға жоспарланған. Оқу-тәжірибесімен бөліскен Утепова М., Уйсинбаева Г.Т.,Фазылова М.Н., аталған циклдің басқа оқытушыларымен бірігіп «Бағдарламалау» мамандығы бойынша модульдік бағдарлама әзірлеу үстінде.

Берілген біліктілік салада көбінесе жиі қолданылатын бағдарлама тілдерін  бағдарламалау тілдерінде дамыту үшін, қажетті білім береді.

Алынған деңгейге байланысты, берілген біліктілігіне қарай, адам, жүйелеу аналитиктері немесе бас бағдарламашы үшін, ассистент ретінде немесе бағдарламаларды әзірлеумен қамту тобында бағдарламашының көмекшісі ретінде қызмет атқара алады. Бағдарламаны  2 жыл 10 айдан соң аяқтағаннан кейін, осы біліктіліктегі адам жаңа бағдарламалар өнімін  жасайды, бағдарламалармен  қамту жобаларын әзірлеудегі басқару дағдыларының болуы немесе тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, бар бағдарламалар өнімін бағыттайды.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер