Цифрлық дәуірдегі кітап оқудың маңызы
Қазіргі таңда адам баласының өмірін телефонсыз елестету мүмкін емес.Таңертең оянған сәтімізден бастап біз бірден ұялы телефонға жабысамыз,жаңалықтарды газет,журналдан емес,смартфондардан оқимыз,бос уақытымызды әлеуметтік желіде өткіземіз.Ақпарат секундына жаңарып,көз ілеспес жылдамдықпен таралып жатыр.Осындай цифрлық дәуірде кітап оқудың маңызы кеміп бара жатқандай.
Қазіргі уақытта жастардың кітапты сирек оқитыны жиі айтылып жүр.Оның бірнеше себебі бар.Ең басты себептерінің бірі-технологияның дамуы.Жастардың көп уақыты телефон,әлеуметтік желі,вертуалды ойындар ойнауға кетеді.Қысқа әрі жеңіл ақпаратқа үйренген адамға көлемді кітап оқу қиынға соғары анық.
Екінші себеп-уақытты дұрыс жоспарламау.Көп жастар сабақтан кейінгі бос уақытын тиімді пайдаланбайды.Кітап оқуға арнайы уақыт бөлінбейді.Ал шын мәнінде,күніне 20-30 минут оқудың өзі үлкен нәтиже береді.
Сонымен қатар кейбір жастар кітап оқуды қызықсыз әрі іш пыстырарлық деп ойлайды.Егер адам өһ қызығушылығынп сай кітап тапса,оның оқуға деген ынтасы артады.
Кітап-білімнің көзі.Кітап оқыған кезде адам терең ойланады,жаңа сөздер үйренеді,сөйлеу қабілеті жақсарады.Ал ғаламтордағы ақпарат қысқа әрі мазмұны аз болады.Әлеуметтік желілерде адамдар ұзақ мәтін оқығаннан көрі қысқа жазбаларды немесе видеоларды көруге үйреніп кеткен.
Кітап оқу адамның қиялын дамытады.Әдеби жанрдағы кітаптарды оқығанда біз кейіпкерлерді өзіміз елестетеміз.Бұл адамның ойлау қабілетін арттырады.Сонымен қатар кітап адамды сабырлы болуға үйретеді.Біра кітапты соңына дейін оқу шыдамдылықты қажет етеді.
Қазір электронды кітаптар да бар.Оларды телефоннан непесе планшеттен оқуға болады.Бұл-технологияның пайдалы жағы.Яки цифрлық дәуір кітап оқуғс кедергі емес,керісінше жаңа мүмкіндік береді.Ең бастысы мазмұн мен оқу әдісі.Адам ақпаратты тереңірек түсініп,ой түйгені маңызды.Менің ойымша,электронды кітаптар студенттер мен мектеп оқушылары үшін өте қолайлы.Олар өздерімен бірнеше кітап алып жүрудің орнына бір құрылғы арқылы оқи алады.
Цифрлық заманда адамдар жылдам нәтижеге үйреніп кеткен.Барлығы тез болғанын қалайды және шыдамсыз.Ал кітап оқу- уақыт пен сабырды талап етеді.Бір кітапты түсініп оқу үшін зейін керек.Сол себепті жастар жеңіл әрі тез шығатын ақпаратты таңдауға тырысады.Мен өз тәжірибемде байқағаным,кітап оқи бастаған адам біртіндеп ғаламтордағы ақпаратты да тереңірек қабылдай бастайды.Яғни кітап тек білім емес,ойды тереңдетудің де жолы.
Дегенмен кейде менде бір сұрақ туындайды “Ғаламтор мен әлеуметтік желі дамыған заманда кітап оқудың қажеті бар ма?”
Шындығында,кітап ешқашан өз маңызын жоғалтпайды.Цифрлық ақпарат көбіне қысқа әрі терең емес,ал кітапты оқыған кезде адам әр сөздің мәнін түсінеді,ойлануға уақыт бөледі.Кітап тек жаңа ақпарат алу үшін емес,ойлау қабілетін дамыту,сыни көзқарас қалыптастыру,қиялды жетілдіру үшін қажет.Сол үшін технология мен интернет ақпаратқа тез қол жеткізуге көмектессе де, кітап оқу- адамның білімін тереңдететін, ой-өрісін қалыптастыратын ең тиімді құрал болып қала береді.
Қорытындылай келе,цифрлық дәуір кітаптың маңызын жоймайды,керісінше оның құндылығын көрсетеді. Технология- құрал, ал кітап- мазмұн. Ғаламтордан алынған қысқа ақпарат білімнің орнын баса алмайды. Сол себептен заман талабына сай өмір сүре отырып, кітап оқуды да әдетке айналдыру керек. Менің ойымша, кітап оқитын адам-ойлы,саналы және жауапкершілікті адам. Сондықтан кітап оқу әдетін ешқашан ұмытпау қажет.
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі