
Милан төрінде өткен 2026 жылғы Олимпиада ойындары Қазақстан спорты үшін тарихи белес болды. Михаил Шайдоров 291,58 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартып, Олимпиада алтынын жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның 2026 жылғы ойынындағы алғашқы медалі әрі мәнерлеп сырғанаудағы тұңғыш Олимпиада алтыны.
Шайдоров батыл қадамға барып, төрт емес, бестік секіру орындады. Жоғары техникалық күрделілік пен мінсіз сырғанау оның чемпиондық деңгейін дәлелдеді. Еркін бағдарламасын Димаш Құдайберген орындауындағы «Confessa, The Diva Dance» композициясына ұсынып, спорт пен өнерді шебер ұштастыра білді.
Бұл жеңіс – ұзақ жылдық еңбектің нәтижесі. 2025 жылы Бостонда өткен додада күміс медаль иеленіп, сол жылы Харбиндегі Азия ойындарында қола жүлде алған Михаил біртіндеп шыңдалды. Әр жарыс оны алтынға жақындата түсті. Ақыры көптен күткен жеңісіне жетіп, көк Туымызды ең биік тұғырға көтерді.
Бұған дейін Олимпиада медалін Қазақстанға тек Денис Тен сыйлаған еді. Ал енді бала кезінде Денис Теннің тәлімін көрген Михаил Шайдоров бүгінде ұстазының ізін жалғап, жаңа тарихи із қалдырды.
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі