Өлең, жыр, ақындар

Олимпиада алтыны

   Милан Кортина‐2026 қысқы олимпиадасының басталғанына ‐ші күн отандастарымыз жақсы нәтижелерімен көрініп жатыр.Араға 32 жыл салып еліміз ақ олимпиададан алтын жүлдеге ие болды.32 жыл бұрын еліміз тәуелсіз Қазақстан ретінде Лиллехаммерада ең алғаш олимпиадаға шыққан кезде еліміздің намысын қорғаған Владимир Смирнов ең алғаш шаңғы спортынан елімізге алтын алып берген еді.Ең соңғы рет 2018 жылы өткен Пхёнчхан да еліміздің фристайл могулшысы Юлия Галышева қола медал иеленген еді.Осыдан 12 жыл бұрын 14 ақпан да Денис Тен Сочи олимпиадасынан қола жүлде иеленген еді.Енді осы жылғы олипиада да еліміздің жас мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров ерлер арасында қысқа бағдарламада 92.94 ұпай жинап үздік бестіктің қатарына қосылды,еркін бағдарламда 198.64 ұпай жинап жалпы 291.58 ұпаймен алтын жүлдеге ие болып,еліміздің әнұраның бүкіл әлемге естіртті.Бұл еліміз үшін үлкен жетістік. Михаил Шайдоров Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Олимпиада чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, төрт құрлық чемпионы, Қытай кубогының күміс және қола жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері,бес дүркін Қазақстанның чемпионы,жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Михаил Шайдоров 2010 жылы бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы болған әкесі Станислав Шайдоровтың жетекшілігімен мәнерлеп сырғанауды бастады. 2018 жылы ол Сочиге көшіп, Олимпиада чемпионы Алексей Урмановтың тәлімгері болды. Шайдоровтың спорттық кумирі – жапон мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю. 2022 жылы ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Қысқа бағдарламадан кейін сегізінші, еркін сырғанаудан екінші, ал жалпы есепте екінші орын алып, тек ресейлік-американдық Илья Малининге ғана есе жіберді. Шайдоровтың медалі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы үшін кез келген дисциплина бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы медаль болды. Бұған дейін Қазақстанның ең жақсы нәтижесі Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева қол жеткізген төртінші орын болды.2022 жылы ол ересектер арасындағы Гран-при сериясына енгізілді, бірақ Эпштейн-Барр вирусын жұқтыруына байланысты жарыстан шығып қалды. Ол келесі маусымда Гран-придегі дебютін жасады. 2023 жылғы Канада Гран-приінде ол бесінші орын алды.2024‐25 жылғы Бостондағы әлем чемпионатында ол күміс медаль жеңіп алып, екі бағдарлама бойынша 287,47 жалпы ұпаймен екінші орын алды.

Journiverse білім беру орталығының оқушысы:Ғалымжан Қаныбек


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз