Қазақстан қысқы спорт тарихында жаңа кезең басталды. Жас мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, ел спортына тарихи жетістік сыйлады. Бұл — Қазақстанның қысқы Олимпиададағы 32 жылдан кейінгі алғашқы алтыны.
Шайдоров Олимпиадада өз бағдарламасын мінсіз орындап, техникалық күрделі элементтерді таза көрсетті және артистизм жағынан жоғары баға алды. Жарыс барысында басты фавориттердің бірі саналатын америкалық Илья Малинин қателік жіберіп, жүлдеден тыс қалды, ал қазақстандық спортшы мүмкіндігін толық пайдаланып, тарихи жеңіске қол жеткізді.
Қазақстан мәнерлеп сырғанауы бұған дейін де әлемдік деңгейде танылған. 2014 жылы Денис Тен Сочи Олимпиадасында қола медаль жеңіп алып, ел тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада жүлдесін сыйлаған еді. Ал 2026 жыл Михаил Шайдоровтың тарихи алтынымен есте қалды.
Бұл жеңістер Қазақстанның қысқы спорттағы беделін арттырып қана қоймай, мәнерлеп сырғанаудың елдегі дамуына жаңа серпін берді. Еліміздің көк туы көтеріліп, Әнұран шырқалған сәт — жанкүйерлер үшін ұмытылмас тарихи мезет болды.
Journiverse білім беру орталығының оқушысы: Рабия Мақсатқызы
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі