Өлең, жыр, ақындар

Моңғолиялық Мишельдің қазақ әні

  Мишель Джозеф — моңғолиялық танымал әнші, автор және 2025 жылы өткен  “Silk Way Star”
байқауының, 2016 жылғы “My Voice жобасының 3-орын, «Your Sounds Familiar» шоуының «Үздік қатысушы» номинациясының иегері.

                                         

Дәстүрлі моңғол әндерін шырқап, дүйім жұрттың жүрегінен орын тауып,сазды дауысымен танымал болып жүрген моңғолиялық қыздардың бірі.Қосымша психотерапевт қызметін атқарса да, бұлбұлдай даусымен көпшіліктің сүйікті өнерпазына айналған.Күні кеше ғана әлем жұлдызы Димаш Құдайберген жеңімпаз деп тапқан Мишель бүгін де қазақ әнін шығарып,көпшілікті таңғалдырды. Моңғолиялық жас әншінің  су жаңа туындысы “Bagala” деп аталады. Әнді жазуға қазақстандық композиторлар мен музыкалық продюссерлер ат салысқан. Бұл әннің мазмұнында әрбір арудың әдемілігін суреттеп,көздің қарашығындай бағалау керектігін айтқан. Моңғол қызы қазақша ән шырқағаны үшін  “Бірден есте қалатын ән екен.КешYou вайбына ұқсап тұр” деген сынды пікірлер жазуда.Расында моңғолиялық әншінің қазақ тілінде айтылған туындысы, тілімізге деген ерекше лебіз,елімізге көрсеткен құрметі деп танимыз.

Journiverse білім беру орталығының оқушысы: Ғарифолла Аяжан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз