Өлең, жыр, ақындар

Бес жыл үзілістен кейін үлкен экранға оралған актриса

Жақында әлеуметтік желіде жиі талқыланған жаңалықтардың бірі – Қазақстандағы тұңғыш мюзикл-фильм Бақыт құшағында жарық көруі. Фильм Шәмші Қалдаяқов әндерімен үндесіп, композитордың 95 жылдығына орай түсірілген.

Киноға билет алып, көрермендер қатарына қосылдым. Экрандағы алғашқы кадрлардан-ақ актерлер тізіміне көзім түсті. Сол сәтте таныс есім бірден назарымды аударды. Бұл – Алия Ануарбек. Соңғы жылдары оны кино әлемінен көрмеген едім. Кейінірек анықтасам, актриса бес жыл бойы үлкен экранға шықпаған екен. Бұл фильм – оның шығармашылыққа қайта оралуының бастауы. Көрермен Алия Ануарбекті Ағайынды сериалындағы Салтанат рөлі арқылы жақсы таниды. Табиғилығы мен шынайылығы арқылы ол көпшіліктің ықыласына бөленген. Алайда кейінгі жылдары актриса көрермен назарынан тыс қалды. Өз сөзінде ол бұл үзілісті саналы шешім ретінде қабылдағанын айтады. Бес жылды өзін қайта тануға, отбасына және ішкі тыныштығына арнаған. Ал «Бақыт құшағында» фильмі оның өнерге қайта оралуының символына айналды.

Актрисаның айтуынша:

«Фильмнің түсірілімінде өзімді расымен бақыт құшағында жүргендей сезіндім. Бес жыл бойы киноға түспегенім актерлік қабілетімді әлсіретпепті. Керісінше, осы жоба арқылы жаңа қырымнан ашылдым».

«Бақыт құшағында» – көрерменге үміт пен мейірім сыйлайтын жылы туынды. Ал Алия Ануарбек үшін бұл фильм – өнермен қайта табысудың, жаңа кезеңнің басталуы.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Ғаниқызы Дәрия


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз