2025 жылы футболдан Иран ұлттық құрамасы Азия аймақтық іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.
Алайда Ирандағы саяси жағдай мен халықаралық шиеленіс елдің турнирге қатысуына қатысты күмән тудырып отыр. Иранның Спорт және жастар істері министрі Ахмад Доньямали мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында қазіргі жағдайда ұлттық құраманың әлем чемпионатына қатысуы мүмкін емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, елдегі қауіпсіздік жағдайы мен соңғы айларда болған әскери қақтығыстар мұндай ірі халықаралық жарысқа қатысуға мүмкіндік бермейді. Министрдің сөзінше, соңғы айларда болған қақтығыстар салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, елдегі жағдай күрделене түскен. Осыған байланысты билік өкілдері спортшылардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын жеткізді.
Соған қарамастан, Иран футбол федерациясы әзірге ресми түрде әлем чемпионатына қатысудан бас тартқаны туралы нақты шешім жариялаған жоқ. Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) да бұл мәселеге қатысты соңғы шешім қабылдамаған. Егер Иран турнирден ресми түрде бас тартса, оның орнына Азия аймағынан басқа құраманың қатысуы мүмкін деген болжам бар. Қазіргі таңда Иран құрамасының әлем чемпионатына қатысу-қатыспау мәселесі толық шешілген жоқ. Соңғы шешім алдағы айларда қабылдануы мүмкін.
Journiverse білім беру орталығының оқушысы: Алихан Шоханов
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі