Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер жастар өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Интернет пен түрлі онлайн платформалар жасөспірімдердің күнделікті қарым-қатынасы мен ақпарат алу тәсілін айтарлықтай өзгертті.
Pew Research Center жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 13–17 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 90%-ы YouTube платформасын пайдаланады. Ал 60%-дан астамы TikTok пен Instagram әлеуметтік желілерінде белсенді. Сонымен қатар көптеген жасөспірімдер бұл платформаларды күніне бірнеше рет қолданатынын, кейбірі тіпті үнемі онлайн болатынын айтады.
Зерттеулер әлеуметтік желілердің тек пайдалы емес, кейбір кері әсерлері де бар екенін көрсетеді. Мысалы, сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің 45%-ы әлеуметтік желіде шамадан тыс уақыт өткізетінін мойындаған. Мамандардың айтуынша, экран алдында ұзақ уақыт отыру ұйқының бұзылуына, стресс пен шаршауға әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар әлеуметтік желілердің оң әсерлері де бар. Сол зерттеуге сәйкес, жастардың 74%-ы әлеуметтік желілер достарымен байланыста болуға көмектеседі деп есептейді. Ал 63%-ы бұл платформалар шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді деген пікір білдірген. Ғалымдардың пікірінше, мәселе әлеуметтік желінің өзінде емес, оны қалай пайдалануда. Егер жастар интернетті білім алу, ақпарат іздеу және пайдалы байланыстар орнату үшін қолданса, оның пайдасы айтарлықтай болуы мүмкін.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Кеңес Диана
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі