Павлодар қаласы
№ 21 Жалпы орта білім беру мектебінің
кітапхана меңгерушісі: Шахманова Ақбота Жазкеновна
Кештің тақырыбы: «І. Есенберлин, Көшпенділер жұлдызы»
Кештің мақсаты – оқушыларға туған жерге, елге деген махаббатын оятып, сонымен қатар өскелең жас ұрпаққа жазушының әдеби мұрасын таныту.
Көрнекілігі: Интер белсенді тақта. Кітап көрмесі. Фото прортрет.
Кіріспе сөз: Ой - қозғау.
"Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді". Атақты «Көшпенділер» трилогиясының авторы, тарихи жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы 2015 жылы аталып өтпек. Қара сөздің хас шебері, қазақ әдебиетіндегі тау тұлғаның мерей тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. Ал, біз ол туралы не білеміз?
1–жүргізуші:
10 қаңтар Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы - Ілияс Есенберлиннің туған күні. Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - қазан 1983жыл, Алматы) — қазақ жазушысы.Есін білетін қазақ Есенберлинді танымайды десек, елдігімізге сын болар.
Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин- жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы "Айқас" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Алтын құс" (1971), "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974), "Маңғыстау майданы" (1978), "Аманат" (1978), т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды. Тарихи романдары. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары. Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі. Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХҮ-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
2-жүргізуші.
"Алмас қылыш" романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық. "Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген. Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.
1-оқушы: Алмас қылыш романынан үзінді, оны талқылау
1-Жүргізуші: Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30—40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.
"Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі.
2-оқушы: Қаһар романынан үзінді және оны талқылау.
2-Жүргізуші:
Кейінірек «Алтын Орда» трилогиясын жазып бітіріп, бірақ кітап болып шығуын көрмей өзі дүние салды. «Қаһар» романы бірінің артынан бірі жазылып толықтырылған алты кітаптан тұратын тарихи эпопеяның нүкте қойылатын соңғы бөлігі болғанымен, ұзақ ғасырлық шежіренің қағазға түскен, кітап болып оқырман қолына тиген алғашқы қарлығаш үзігі болатын. Шығарманың эстетикалық мәнімен қатар, көкірек көзін ашып, көңіл көкжиегін кеңейтер танымдық маңызын оқырман жақсы түсінді. Сондықтан да тарихи эпопеяның алғашқы кітаптары шыға бастағанда студенттік жатақханаларда, алыстағы ауылдарда оқырмандар бір-бірінен қолқалап сұрап, қолдан-қолға көшті, қойшының қонышында, егіншінің қойнында, студенттің қолтығында жүрді.
3-оқушы: Мұзаффар Әлімбаев сөзі: Таланнтың бақ талайы.
4 -оқушы: Қадыр Мырза – Әли сөзі.
5- оқушы: Шығармашылық жолдары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі