
1-күн – Демалысты жоспарлау
Демалыста не істегің келетінін жаз. 5 мақсат қой.
2-күн – Кітап күні
Кітаптан кемінде 20–30 бет оқы. Қысқаша мазмұнын жаз.
3-күн – Спорт күні
Таза ауада 30 минут серуенде немесе жаттығу жаса.
4-күн – Шығармашылық күні
Көктем тақырыбында сурет сал немесе шағын әңгіме жаз.
5-күн – Табиғат күні
Серуенге шығып, көктемнің 5 белгісін байқап жаз.
6-күн – Достар күні
Достарыңмен кездесіп, қызықты ойын ойна.
7-күн – Отбасы күні
Отбасыңмен бірге уақыт өткіз. Бірге фильм көр немесе тамақ дайында.
8-күн – Білім күні
Интернеттен 10 қызықты факт тауып жаз.
9-күн – Жақсылық күні
Бір адамға көмектес немесе жақсы іс жаса.
10-күн – Мәдениет күні
Қазақтың бір салт-дәстүрі туралы оқып, қысқаша жаз.
11-күн – Қорытынды күн
Демалыс қалай өткенін жаз. Ең қызықты күнді атап өт.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі