Reddit платформасында өткен "Flags of the World Tournament" атты онлайн дауыс беруде әлем елдерінің ішіндегі ең әдемі мемлекеттік ту таңдалды. Байқаудың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының көк туы бірінші орынға ие болды.
Бұл турнирде пайдаланушылар әр кезеңде әртүрлі мемлекеттердің туларын салыстырып, өз таңдауларын жасаған. Дауыс беруге әлемнің ондаған елінің мемлекеттік рәміздері қатысып, бірнеше кезеңнен кейін ең үздік тулар финалға шықты. Финалдық кезеңде Қазақстанның туы Кирибати мемлекетінің жалауын басып озып, жеңіске жетті.
Қазақстанның туы өзінің ерекше дизайнымен және терең мағынасымен ерекшеленеді. Тудың көгілдір түсі – ашық аспанды, бейбітшілік пен бірлікті білдіреді. Ал тудың ортасындағы алтын күн – тыныштық пен байлықтың белгісі. Күн астында қалықтаған қыран құс – еркіндік пен тәуелсіздіктің символы. Сонымен қатар тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген.
Қазақстанның мемлекеттік туы 1992 жылы қабылданған. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Содан бері көгілдір туымыз еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашаққа деген сенімін білдіретін маңызды рәмізге айналды.
Қазақстанның көк туы тек мемлекеттік рәміз ғана емес, елдің тарихынан, мәдениетінен сыр шертеді. Сондықтан оның әлемдегі ең әдемі тулардың бірі ретінде танылуы – барша қазақстандықтар үшін қуанышты әрі мақтанышқа толы жаңалық.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі