Қыз Жібек – “Қазақфильм” киностудиясының төрінен елеулі орын алған туынды.
Фильм 1970 жылы көрерменге жол тартты. Сценарий авторы – аты әйгілі Ғабит Мүсіреповтың қаламынан шыққан. Режиссёры – Сұлтанахмет Қожықов. Ал фильмдегі әсем әуеннің композиторы – Нұрғиса Тілендиев. Биыл киноның жарық көргеніне 56 жыл толып отыр. Фильм тек қана махаббат дастанына арналып жазылмаған деседі. Фильм арқылы қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын тереңінен аңғарып, ел татулығының маңыздылығын көреміз. Басты кейіпкерлер фильмнің көркем сипатталуына бірден-бір себеп екені айдан анық.
Қыз Жібек рөлінде Меруерт Өтекешова болды. Ол қазақ қызының тектілігін көрсетіп, мөлдір бұлақтай сұлулығымен өз рөлін сомдап шықты. 1951 жылы 25 ақпанда Оралда туған. Қазіргі таңда “Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі”, “Парасат” орденінің иегері болып отыр. Фильмге мектеп оқып жүрген кезінде небәрі 17 жасында түскен. Ғ. Мүсіреповтың кастинг жариялағанын естіп, өзі киностудияға барғанда көптеген әдемі сұлу қыздарды көрген ару басында ойынан тайып қалған екен. “Неге келдім екен?” деген ойлар болыпты. Бірақ та бұйырған кетпейді демекші, Қыз Жібектің рөлі мың арудың арасынан дәл осы Меруерт Өтекешоваға бұйырған. 2026 жылы Меруерт Өтекешова 75 жасқа аяқ басты. Қыз Жібектің ғашығы Төлегеннің рөлін Құман Тастанбеков сомдады. Қазақ жігітінің сұлтаны – 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданында дүниеге келген. “Парасат” және “Құрмет” ордендерінің иегері. Қазақ киносымен қазақ театрындағы рөлін ешкім қайталай алмас. Қыз Жібек фильмінде барлығының жағасын ұстатқан Бекежанның рөлін – аңыз адам, ғасыр адамы Асанәлі Әшімов ойнады. 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысының Сарысу ауданы Жайылма жерінде дүниеге келген. Асанәлі Әшімовты танымал еткен әйгілі Бекежан рөлі. Қазіргі таңда Бекежанның сөзі әлеуметтік желіде топ жарып жатыр: “Бір Бекежан болмаса көрер едім қандай өлең айтқандарыңды, Бекежансыз көрген қызық арам болар бұл елге!” Міне, дәл осы сөзі халық ешқашан ұмытпайды.
Фильмде басқа да сол замандағы мықты актерлер болды: Кененбай Қожабеков, Гүлфайрус Ысмайылова, Фарида Шәріпова, Ыдырыс Ноғайбаев, Кәукен Кенжетаев, Сәбира Майқанова. Фильмде әйгілі Жібектің айтатын өлеңі бар – ол “Гәкку” әні. Әнді орындаған Мүнира Ижанова екенін бірі білсе, бірі білмес. Сол кезде Қыз Жібектің партиясын айту үшін кастингте 80-ге жуық әнші бағын сынаған.
Фильм соңында бәріміз білетіндей, Жібек пен Төлегеннің оқиғасы қайғылы бітеді. Әйткенмен, шын өмірде Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова махаббат кемесіне бірге отырады. Анығы, фильм екі жастың бас қосуына үлкен бір себеп болды. Қос ғашық фильмнен соң шаңырақ көтерген. Асанәлі Әшімов өз сөзінде: “О заманның Жібегі мен Төлегені қосыла алмай кеткенімен, бұл заманның Жібегі мен Төлегені қосылады деген девиз тұрды” дейді. Қыз Жібек – қазақ киносының алтын қоры. Қанша жыл өтсе де фильмнің өзіндік рөлі жоғалмаған. Бір ғасырда бір туатын баға жетпес жауһар туынды деп осыны айтады.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Кеген Айнара
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі