Парақ — күнделікті өмірде жиі қолданылатын қарапайым заттардың бірі. Біз оны жазу, оқу, сурет салу, құжат басып шығару сияқты көптеген мақсатта пайдаланамыз. Қарапайым көрінгенімен, кейде оның өзі де адамды жарақаттап жатады. Сол себепті «парақ неге өткір?» деген сұрақтың туындауы заңды.
Қағаздың өткір болуы оның құрылымы мен жасалу ерекшелігіне байланысты. Ең алдымен, қағаз ағаштан алынатын целлюлоза талшықтарынан жасалады. Бұл талшықтар өте ұсақ әрі бір-біріне тығыз орналасады. Өндіріс барысында олар қысыммен нығыздалып, тегіс әрі жұқа қабатқа айналады. Соның нәтижесінде қағаздың шеттерінде көзге анық байқалмайтын, бірақ өте жіңішке әрі өткір қырлар пайда болады. Парақтың өткірлігі оның жұқалығымен де байланысты. Жұқа қағаздың қыры кей жағдайда пышақ жүзі секілді әсер етуі мүмкін. Әсіресе, қағазды жылдам қозғалтқанда немесе оны дұрыс ұстамағанда, ол теріні оңай тіліп кетеді. Күнделікті өмірде мұны «қағаз қолды кесіп алды» деп жиі айтамыз.
Ғылыми тұрғыдан қарағанда, қағаздың беті тегіс көрінгенімен, оның шеттері микродеңгейде кедір-бұдыр болып келеді. Дәл осы кедір-бұдырлық пен жұқалық қосылып, қағазға өткірлік қасиет береді. Ал мұндай ұсақ кесік неге қатты ашытады деген сұраққа келсек, саусақ ұшында жүйке ұштары өте көп болғандықтан, кішкентай жараның өзі қатты сезіледі. Мұны медициналық түсіндірмелер де растайды. Қағаздың өміріміздегі орны әлі де маңызды. Мысалы, әлемде 2023 жылы шамамен 420 миллион тонна қағаз бен картон тұтынылған. Бұл қағаздың цифрлық дәуірде де күнделікті тұрмыстан толық шықпағанын көрсетеді. Парақтың өткір болуы — оның жұқалығы, тығыз құрылымы және шеттерінің ерекше қалыптасуымен байланысты. Яғни, қарапайым көрінетін заттың өзінде де біз байқай бермейтін физикалық ерекшеліктер бар.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Серикбаева Аяулым
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі