Адамзат ежелден ғарышты зерттеуге қызығып келеді. Соңғы онжылдықтарда Айға бірнеше ғарыш кемесі мен зерттеу аппараты жіберілді, ал бүгінде ғалымдар енді бір қадам алға шығып, Айда адам өмір сүре ала ма? деген сұраққа нақты жауап іздеп жатыр. Бұл — қазіргі ғылым мен технологиядағы ең маңызды тақырыптардың бірі.
Ай — Жерге ең жақын аспан денесі. Алайда ол адамның табиғи өмір сүруіне мүлде қолайлы орта емес. Айда атмосфера жоқ, сондықтан онда тыныс алатын ауа да жоқ. Сонымен қатар, сұйық күйдегі су өте шектеулі, ал Күн радиациясы тікелей әсер етеді. Бұдан бөлек, Айдағы температура өте құбылмалы: күндіз +127°C-қа дейінкөтерілсе, түнде –173°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайда адам тек арнайы қорғаныс пен технологияның көмегімен ғана өмір сүре алады.
Соңғы жылдары ғалымдар мен инженерлер Айда өмір сүруге арналған арнайы базалар мен мекендеу жүйелерінжобалап жатыр. Бұл жобаларда ауа өндіру, су қорын пайдалану, азық-түлік өсіру, энергия көздерін табу және радиациядан қорғану сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады. NASA қазіргі таңда Artemis бағдарламасы арқылы Айға қайта оралып, ұзақ мерзімді адам қатысуына жол ашуды көздеп отыр. Агенттік болашақ миссияларды Айдың оңтүстік полюсіне бағыттап отыр, себебі бұл аймақта мұз күйіндегі су қоры болуы мүмкін. Мұндай су болашақта ауызсуға, оттегі өндіруге және тіпті отын жасауға пайдаланылуы ықтимал.
Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар тек теория жүзінде емес. NASA 2028 жылға қарай Artemis IV миссиясы аясында Айдың оңтүстік полюсі маңына адам жіберуді жоспарлап отыр. Бұл — Айда ұзақ мерзімді зерттеу станцияларын құруға апаратын маңызды қадамдардың бірі. Сонымен қатар, Ай орбитасында болашақта қызмет ететін Gateway ғарыш станциясы да осы мақсатқа қызмет етеді. Дегенмен, Айда өмір сүру тек техника мәселесімен шектелмейді. Ұзақ уақыт бойы тар кеңістікте, Жерден алыс жерде, аз ғана адамдармен бірге өмір сүру адамның психологиялық және әлеуметтік жағдайына да әсер етуі мүмкін. Жалғыздық, күйзеліс, оқшаулану және шектеулі орта — болашақ ғарыш қоныстарының маңызды сынақтарының бірі болмақ. Айда өмір сүру теория жүзінде мүмкін, бірақ ол өте күрделі әрі қауіпті үдеріс. Қазіргі ғылым мен технология адамзатқа бұл бағытта үлкен мүмкіндік беріп отыр. Болашақта Айда тұрақты базалар немесе шағын колониялар пайда болуы ғажап емес. Демек, Айда өмір сүру — жай қиял емес, адамзаттың келесі үлкен мақсатының бірі.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Серикбаева Аяулым
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі