Саяхатшы бақа

Ертеде бір бақа болыпты. Ол батпақта тұрыпты.  Бір күні ол өзен жағасында отырды. Бір кезде жағаға үйректер қонды.  

– Жол алыс, – деді бір үйрек.

– Тез тамақ жеңдер, сосын ұшамыз.  

Бұны бақа естіді.  

– Кешіріңіз, қайда ұшасыздар? – деді бақа. 

– Оңтүстікке ұшамыз, – деді бір үйрек.  

– Оңтүстік жылы ма?  

– Иә, жылы. 

– Онда маса, шіркей көп пе?

– Иә, көп, – деді үйрек.

– Онда мені ала кетіңдер.

– Сенің қанатың жоқ, қалай ұшасың?

– Білмеймін, бiрақ тұра тұрыңдар, мен ойланайын, – деді бақа. Бақа бiраз ойланды, сосын:

– Таптым, таптым, – деп айқайлады.

– Екі үйрек таяқтың екі ұшынан тістейді, мен ортасынан тістеймін. Бірақ сендер қаңқылдамаңдар, мен бақылдамаймын.

– Жарайды, – деді үйрек.  

Сөйтіп олар ұшты. Екі жақта екі үйрек, ортасында бақа. Бұл қызық көрініс болды. Бұны балалар көрді.  

– Бақаны қараңдар, бақаны қараңдар! – деп айқайлады балалар.

– Қызық-ай, бақа ұшып бара жатыр.  

Бақа мақтанып кетті.

– Бұны мен ойлап таптым, мен, – дегенде бақа шалшыққа құлап түсті.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз