Студенттік өмір – әр адамның өміріндегі ең маңызды әрі есте қаларлық кезеңдердің бірі. Бұл уақыт тек білім алумен ғана шектелмей, тұлғалық қалыптасу, жаңа ортаға бейімделу және қоғамдық белсенділікті дамыту кезеңі болып табылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – осындай мүмкіндіктерді толық жүзеге асыруға жағдай жасайтын еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
Қазіргі таңда мен ҚазҰУ-дың Экономика факультетінде білім алудамын. Университетке түскен сәттен бастап студенттік өмірдің қаншалықты мазмұнды әрі қарқынды өтетінін өз тәжірибемде сезініп келемін. Алғашқы кезеңде үлкен кампус, жаңа пәндер мен талаптарға бейімделу оңай болмағанымен, уақыт өте келе бұл орта маған жақын әрі түсінікті бола бастады.
ҚазҰУ-дың басты ерекшеліктерінің бірі – оның кең ауқымды кампусы. Университет қалашығы «қала ішіндегі қала» іспеттес, мұнда студенттердің білім алуына, өмір сүруіне және демалуына барлық жағдай жасалған. Кампуста оқу ғимараттары, ғылыми орталықтар, заманауи кітапхана, спорт кешендері және мәдени нысандар орналасқан. Университет кітапханасының қоры миллиондаған әдебиеттерді қамтып, жыл сайын жаңартылып отырады, ал студенттерге арналған интернет орталықтар тәулік бойы қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, ҚазҰУ-да студенттердің жайлы өмір сүруіне ерекше көңіл бөлінген. Университет аумағында 14 жатақхана жұмыс істейді, олар заманауи талаптарға сай жабдықталған және студенттерге барлық қажетті жағдайлар жасалған. Жатақханаларда оқу бөлмелері, компьютерлік сыныптар, асханалар мен демалыс орындары қарастырылған. Қауіпсіздік мақсатында бейнебақылау жүйелері орнатылып, тәулік бойы күзет қызметі жұмыс істейді.
Университет инфрақұрылымы студенттердің жан-жақты дамуына бағытталған. Кампус аумағында спорт кешендері, футбол алаңдары, теннис корттары, түрлі спорт секциялары жұмыс істейді. Сонымен қатар, студенттер сарайы жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда түрлі мәдени іс-шаралар, концерттер, фестивальдер ұйымдастырылады. Асханалар мен кафелер желісі студенттерді қолжетімді әрі сапалы тамақпен қамтамасыз етеді.
ҚазҰУ-дағы студенттік өмірдің маңызды бөлігі – активистика. Университетте студенттердің қоғамдық белсенділігі жоғары деңгейде дамыған. Түрлі ұйымдар, клубтар мен бірлестіктер студенттердің бастамаларын қолдап, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Мен де осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, активистік ортаға қосылдым.
Қазіргі таңда мен ASHYQ JUREK (Лига волонтеров) қоғамдық қорының мүшесімін. Бұл ұйым аясында түрлі қайырымдылық және әлеуметтік іс-шараларға қатысып, қоғамға пайдалы істерге атсалысып келемін. Еріктілік қызмет мен үшін тек тәжірибе ғана емес, сонымен қатар адамдарға көмектесу арқылы рухани қанағат алудың маңызды жолы болып табылады.
Сонымен қатар, Экономика факультетінде студенттік өзін-өзі басқару жүйесі жақсы дамыған. Сенат, студенттік кеңес (СС) сияқты ұйымдар студенттердің құқықтарын қорғап, олардың ұсыныстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осындай ұйымдардың жұмысы студенттердің жауапкершілігін арттырып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашады.
Жалпы алғанда, ҚазҰУ-да студенттік өмір өте мазмұнды және жан-жақты ұйымдастырылған. Мұнда студент тек білім алып қана қоймай, өзін тұлға ретінде дамытуға, жаңа дағдыларды меңгеруге және болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік алады. Активистика арқылы қалыптасқан тәжірибе, жаңа таныстықтар мен орта – студенттік жылдардың ең құнды нәтижелерінің бірі.
ҚазҰУ – білім мен ғылымның ғана емес, сонымен қатар белсенділік пен дамудың орталығы. Осындай ортада білім алу – үлкен мүмкіндік әрі жауапкершілік. Студенттік өмірді мазмұнды өткізу, белсенділік таныту – әр студенттің өз қолында.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1 курс студенті - Хайролла Серәлі
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты У. М. Джолдыбаева
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі