Ер есімі- ел есінде…
Халық жадында өшпес мұра қалдырған,сөзімен де,рухымен де ел жүрегінде қалған аңыз тұлғамыз-Мұхтар Шаханов.
Мұхтар Шаханов-шоқтығы биік шығармалар жазып,поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді.Оның өлең әлеміне өрісті өрнек,жаңаша тыныс әкеліп,қазақ поэзиясының дамуына өзіндік жаңалық,тереңдік дарытқан шығармалары руханиятымыздың құнды қазынасына айналды.Қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып,ел мен жер тағдырына қатысты ойлы да отты пікір айтып,өзіне ғана тән азаматтық биік ұстанымның үлгісін көрсетті.
Мұхтар Шахановтың шығармалары ішкі сезімді баурайтыны сөзсіз.Халық жадында сақталған махаббат жайлы әндері жүректе ерекше сақталды.Әр әуен- бір тағдырдың үні,әр сөз- жүректен шыққан сыр.
Сен сүйгенмен,ол сүймесе- шараң не?
Махаббат ол- қос жүректің әні ғой,
Өзіне сай дауыс керек әр әнге.
Сенсіз өмір мәнді ме,әлде сәнді ме?
Сен болмасаң,шырқай алмас әні де.
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған,
Ал махаббат- таусылмайтын әңгіме!
Алтын қолмен жазылған бұл әндері адам сезімінің ең нәзік қырлары,шынайы махаббаттың қуанышы мен қайғысы,адалдық пен сағыныштың ізі мәңгі сақтаулы.
Мұхтар Шаханов есімі- қазақ руханиятындағы биік парасат пен азаматтық үннің символы.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Берікқызы Айзере
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі