Қожанасырдың жауабы

Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып:

– Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген, яғни қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, бір түске бояп берші, – дейді.

Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды:

– Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет.

– Қашан келейін? – дейді анау қулығын асырдым деп мәз болып.

– Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, – дейді сонда Қожанасыр.
 


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)