Бір күні қарға құстарды өзіне қонаққа шақырды:
– Өзім қарсы аламын, ұям толы ет, бауырсақ, тәтті-дәмділер.

Құстар қарғаның ұясына ұшып келсе, тәтті-дәмді түгіл, қарғаның өзі де ұясында жоқ болып шықты. Құстар қарғаның өздерін алдағанын түсінді. Қатты ренжіген олар үйлеріне қарай ұшып кетті.
Келесі жолы қарға оларды қайтадан қонаққа шақырды:
– Құрметті достарым, ертең менің балапанымның туған күні. Қонаққа келіңдер, күтеміз, – деді.
Бірақ ертеңінде бірде-бір құс ұшып келмеді. Қарға күні бойы оларды босқа күтті.
«Олар неге келмеді? Неге маған ренжіді? Ана жолы алдағаным үшін ренжіген болар деп», – ойлады қарға. «Өтірікшінің сөзіне сенуге болмайды» деп бекер айтпайды ғой.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі