Тазалық өзіңнен басталады...

Басты бет / Әңгіме мен мақала / Тазалық өзіңнен басталады...

 

Ауылда өстім. Ауылымда қазақ та, орыс та, өзге ұлттар да аралас тұрады. Дүкендегі сатушы — орыс, көршіміз — татар, мектептегі достар — әр ұлттан. Үйде ата-анаммен қазақша сөйлесемін. Бірақ... «типо», «нуу», «свежий», «ещё» деген сөздер әңгімемізге өздігінен кіріп кетеді. Өзімді тыңдап отырып, таза, мөлдір қазақша сөйлей алмайтынымды байқаймын. Бұл үрдіс ары қарай жалғаса берсе болашақта қалай болады екенмін. Өзімді толғандырды..Неге бұлай? Кінәлі кім? Ең бастысы — мен не істей аламын?

 

Тіл.

Тіл — қарым-қатынас құралы. Көпұлтты ортада, заман талабымен орыс, ағылшын, тіпті қытай тілін білу — қажеттілік. Мұнда сіз біз болып екі түрлі ұғымды ажыратуымыз керек:

 

· Көптілділік — бұл байлық, оны мақтанышпен алып жүру керек.

· Тіл шұбарлануы — бұл бір тілде ойын жеткізе алмай, екінші тілдің сөздерін жамау. Бұл — байлық емес, кедейліктің (жалқаулықтың да) белгісі.

 

Мысал ретінде: Сіз орысша, ағылшынша білгеніңіз үшін қазақ тілі кедейленбеуі керек. Мәселе — бөлек тілдерде сөйлегенде, әрқайсысында таза сөйлей алуда. 

Және де бұл тәжірибеде ешкім ешкімді нұқып я бір кемсітудің қажет жоқ. Әркім өз өмірін өзі өзгертуде

3. "Вирус сөздер" қайдан келеді? (Ортаның әсері)

Сіздің ортаңыздың әсерін талдаңыз. Неге дүкенде, көшеде, интернетте естіген сөздер сіздің сөзіңізге жабысып қалады?

Күнделікті өмірде (дүкен, көше, қоғамдық көлік, қызмет көрсету) қазақ тілінің үлесі аз. Миымыз автоматты түрде сол ортаның тіліне бейімделеді.

Интернет және медиа: Қанша қазақ тілді контент тұтынасыз? Орысша немесе ағылшынша контент көргенде, сол тілдердің сөздері "дайын шаблон" ретінде жадыңызда қалады да, сөйлеген кезде бірінші солар оралады.

· "Ыңғайлылық" тұзағы: "Типо" деу "сияқты" деуден оңай, "свежий" деу "жаңа піскен" деуден қысқа. Ми үнемі ең аз энергия жұмсайтын жолды іздейді. Бұл — жалқаулық(менің).

4. "Небір мысал, синоним, мақал..." — нені жоғалтып жатырмыз?

Бұл жерде бәріміз білеміз "қазақ тілі - бай тіл " дегенді, бұны сәл ашсақ.

Мәселен,

Бір ғана "красивый" сөзін алайық. Қазақ тілінде: әдемі, көркем, сұлу, әсем, ажарлы, келісті, көрікті, ару... Әр сөздің өз реңкі, өз эмоциясы бар.

· "Типо" деген сөзбен біз "сияқты, секілді, тәрізді, іспетті, бейне" деген бес түрлі сөзді өлтіріп жатырмыз.

· Мақал-мәтелдер — ата-бабаның даналығы. "Свежий хлеб" деудің орнына "жаңа піскен нан, иісі мұрныңды жарады" деп, керек болса "нан — ас атасы" деген мақалды орынды қолдану — тілдің сәні ғана емес, ойдың тереңдігі

5. Шешім: "Өзімнен бастасам..."

Мен ұлтты бірден өзгерте алмаймын. Бірақ өзімнен бастай аламын. Әр сөзімді саналы түрде таңдауға, «типо» дегенде өзімді тоқтатып, «сияқты» деп түзетуге тырысамын. Бұл оңай емес, бірақ құлаққа жағымды, мөлдір қазақ тілінде сөйлеу — сол үшін күресуге тұрарлық мақсат. Менің әрбір таза сөзім — тілімнің болашағына қосқан кішкентай үлесім..

 

P.S. өзіме жазғандарым.


Ұқсас тақырыптар

Тіл Өз ойым

WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)