Көне мен жаңаның үйлесімі

Дәстүрлі стиль - ұлттық болмыстың заманауи көрінісі, қоғамның орта ғасырлық мәдениетке еліктеуі. Бұл стиль арқылы түркі халықтары өзінің болмысын, дүниетанымын, салт-дәстүрін эстетикалық тұрғыда жеткізеді. ХХІ ғасырда этно стиль тек дәстүрлі киім үлгісінде ғана емес, әшекей бұйымдарда, заманауи өнерде, дизайн мен музыкада кеңінен қолданылатын үлкен мәдени трендке айналды. Қазақ этно стилі көшпелі өмір салтымен, тығыз байланысып, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи мұраға негізделген. Кезінде тек мейрамдарда киілетін қамзол, шапан, кимешек, сәукеле мен тақия секілді ұлттық киімдер бүгінгі таңда жаңа үлгіде тігіліп, қоғам арасында, әсіресе жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Қазақ халқы үшін әр ою-өрнектің өзіндік болмысы бар. Мысалы, ең көп таралған «қошқар мүйіз» өрнегі тоқшылық пен молшылықты білдірсе, «түйе табан» өрнегі береке, алыс жол мен төзімділікті дәріптейді. Алайда, қазақтың дәстүрлі ою-өрнек өнерінде тек ер адамдарға ғана арналған, әйелдердің киіміне немесе бұйымдарына мүлдем салынбайтын оюлар бар. Қазақ халқында әрбір оюдың өзіндік мағынасы және "тілі" болған. Бүгінде отандық және әлемдік дизайнерлер бұл оюларды заманауи костюм-пиджактарға, сәнді сөмкелер мен әшекейлерге шебер енгізіп жүр. Қоғамның ойынша этно стильдің маңызы зор. Себебі, ол жастардың өз тарихына, ана тілі мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімін оятып,  ұлттық құндылықтарды сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ жастардың өз мәдениетіне деген қызығушылығын арттырады. Қазақстан өз этно стилін дамыту арқылы әлемдік аренада өздік қолдаңбасын қалыптастыруда. Этно бағыт - ұлттық болмысты сақтай отырып, заман талабына сай жаңарып келе жатқанын байқай аламыз. Сондықтан бұл бағытты қолдау және оны одан әрі дамыту – мәдениетімізді сақтау  мен дәріптеудің бір жолы.


Ұқсас тақырыптар

Этно киімдер
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)