Баланың үнсіз айқайы: жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі

Қазақстанда өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы психологиялық жағдайы. Неліктен балалар арасында суицидке жүгіну жыл сайын көбейіп барады? Бұл жағдайда ата-ананың немесе жақындары мен құрдастарының ықпалы қандай? Баланың өзіне ауыр жарақат алып келуі қандай да бір мәселені шешеді ме? Я болмаса ортаның, құрдастарының арасындағы түсініспеушілік туындауының арқасындағы мәселе ме?

Баланың жастық шағы адам болып қалыптасқанымен, өтпелі кезеңдерде бала көтере алмай қалатын мәселелер көп. Осы кезеңде олар небір қиындықтарға тап болу арқасында, айналасынан алыстап, жалғыздықпен өмір сүргендей күй кешеді. Жасөспірім неғұрлым ортасынан, ата-анасынан, жақындарынан алыстаса, солғұрлым балада мәселе көп. Отбасындағы түсініспеушілік, мектептегі қысым, жалғыздық сезімі, қорқыныш немесе өзіне деген сенімсіздік кейбір жасөспірімдердің өмірге деген көзқарасына кері әсерін тигізеді.

Бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша көтеріліп жатқан мәселелердің бірі. Ал өз еліміздің статистикасына сүйенсек, 2021 мен 2025 жылдар арасында кәмелеттік жасқа толмағандардың өз-өзіне қол жұмсағандар саны аз емес. Мысалы, 2021 жылы Қазақстанда әр 100 мың адамға шаққанда 14,6 өлім жағдайы көрсетілген. 2025 жылдың қорытындысында кәмелетке толмаған қылмыс құрбандарының саны 3549 адам. Тіпті енді қарсы алып жатқан жаңа жылымыз – 2026 жылдың өзінде 74 бала өзіне қол жұмсаған. Осындай көрсеткіштер суицид мәселесі қоғам назарын қажет ететін күрделі тақырыпқа айналады.

Жасөспірімдердің бұндай шешімдерге баруы тек бір ғана мәселеден туындамайды. Оның артында бала ешкімге ашылып айта алмаған сырлары, эмоционалдық қиындықтар мен қолдаудың жетіспеушілігі жатыр. Кейбір балалар жан дүниесіндегі күйзелісті, өмірінде болып жатқан мәселесін ата-анасына, мұғаліміне, жақындарына айтудан бастартады. Ақыр соңы өзін жалғыздықта сезініп, кері бағыттағы жолды таңдайды. Сол үшін де баланың тек сыртқы келбетіне ғана емес, оның ішкі өмірінде не болып жатқанына көбірек назар аударған жөн.

Мектептегі орта да жасөспірімнің психологиялық жағдайына әсер етеді. Құрдастар арасындағы келіспеушілік, мазақ ету, бағаларға байланысты қысым немесе болашаққа деген алаңдаушылық баланың өзіне деген сенімін төмендетуі мүмкін. Осындай кезде балаға сын айту емес, оны тыңдау және түсіну қажет.

Баланың мұңды айқайын оның көңіл күйінен, мінез-құлқынан байқай аламыз. Мысалы, бұрынғы қызығушылығының жоғалуы, диалогтан қашуы немесе тұрақты тамақтанудан бас тартуы және т.б. Бұл кезеңдерде ата-ананың, мұғалімнің балаға бейжай қарамай, дер кезінде әрекет жасағаны жөн.

Суицидтің алдын алудың ең басты жолы – мейірімділік, түсіністік және ашық әңгіме. Әр бала өзін қажет және маңызды сезінуі керек. Отбасында жылы қарым-қатынас орнап, мектепте қауіпсіз орта қалыптасса, көптеген қиындықтардың алдын алуға болады. Сонымен қатар жастарға эмоцияларын дұрыс басқаруды, қиындықтарды жеңу жолдарын үйрету маңызды.

Қоғам ретінде, жақындары ретінде баланың мәселесін тек қиындаған жағдайда ғана емес, әрдайым қасынан табылып, жылы сөздерімізді айтып, уақытылы махаббатымызды көрсетсек, бұл мәселе жойылатыны анық. Бар болғаны, жас баланы қатты сынға алмай, сүйіспеншілік пен жылы көзқараспен қарау жеткілікті.

Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі – баршамызға ортақ жауапкершілікті талап ететін мәселе. Еліміздегі әр бала болашағымыздың куәсі ретінде, баланың үнсіз айқайын ести білу, оның сезімін түсіну және уақытында қолдау көрсету – болашақ ұрпақтың өмірін сақтап қалудың маңызды қадамы. Бұл өз қолымызда.


Ұқсас тақырыптар

суицид неден пайда болады?
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (9)

Даурен

Машааллаһ керемет

Анон

Керемет

анель

Жаным, мынау шынымен өте ауыр әрі маңызды тақырып қой... Қазір бәрімізге оңай емес, өтпелі кезең, оқу, емтихандар, жан-жақтың қысымы дегендей. Бірақ осындай нәрселерді ашық айтып, бөлісіп отырғаныңның өзі үлкен нәрсе. Кез келген жағдайда жалғыз емес екенімізді ұмытпауымыз керек қой.»

aaayyu

👍🏻👍🏻👍🏻

aaayyu

👍🏻👍🏻👍🏻

Эльнара

Дұрыс айтылған

Жібек

Керемет, ой салатын мақала екен👍

Дана

Өзекті әрі дер кезінде көтерілген мәселе.Мақала өте әсерлі және терең жазылған.

Жанат

Өте өзекті тақырып