Қазақ тілі – ұлттың жаны: тілге деген немқұрайдылық мәселесі.

Қазақ тілі – ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлтымыздың рухани байлығы. Бабаларымыз бен тарихи мұраларымыздың жазықсыз өлім жазасына тартылып кеткен айғақтарының бірі. Ана тіліміз арқылы салт-дәстүріміз, дүниетанымымыз, тарихымыз бен мәдениеттеріміз ұрпақтан ұрпаққа жететін жолымыз. Алайда қазіргі таңда тілімізге байланысты қоғамда жыл сайын көтерілетін мәселелер көп. Ана тіліміздің дамуына кейбір әлеуметтік, тарихи және қоғамдық факторлар әсер етуде.

Қазақ тілінің қазіргі жағдайын түсіну үшін оның тарихына назар аудару қажет. Кеңес дәуірінде қазақ тілінің қолданыс аясы біршама шектелді. ХХ ғасырда көптеген қалаларда орыс тілі негізгі қарым-қатынас тіліне айналды. Соның әсерінен кейбір қазақ отбасылары өз балаларын орыс тілінде тәрбиелеуге көшті. Бұл жағдай қазақ тілінің күнделікті өмірдегі қолданылуына әсер етті.

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілі мемлекеттік тіл деген мәртебеге ие болды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген.

Алайда бұл жағдайға қаншама дәлелдер болғанымен, тілімізді жоғалтып алу мүмкіншілігіміз көбеюде. Заң жүзінде қаншалықты маңызды болса да, күнделікті өмірде толық қолдану мәселесі азаяр емес. Әрине, бұл қоғамдағы халықтың әлі күнге дейін мәңгүртті халық екендігін дәлелдейді.

Қазақ тілінің дамуына кедергі келтіретін негізгі себептердің бірі – тілдік орта мәселесі. Кейбір азаматтар қазақ тілін түсінгенімен, күнделікті қарым-қатынаста қолданбайды. Оның себебі – айналасында қазақ тілінде сөйлейтін ортаның аз болуы. Мысалы, үлкен қалаларда жастардың бір бөлігі білім, жұмыс немесе әлеуметтік орта әсерінен басқа тілдерді көбірек пайдаланады.

Сонымен қатар, жастар арасында ана тіліне деген көзқарас та маңызды рөл атқарады. Кейбір жастар қазақ тілінде сөйлеуді заманауи өмірмен байланыстырмайды. Бірақ әлемдік тәжірибеге қарасақ, көптеген мемлекеттер өз тілін ұлттық құндылық ретінде сақтайды. Мысалы, Жапония мен Франция сияқты елдерде халық өз ана тілін күнделікті өмірде кеңінен қолданады. Бұл олардың ұлттық ерекшелігін сақтауға мүмкіндік береді.

Қазақ тілінің дамуы үшін оны тек мектепте оқу жеткіліксіз. Тілді отбасыда, қоғамда, ғылымда, технологияда және мәдениет саласында кеңінен қолдану қажет. Қазақ тіліндегі кітаптардың, фильмдердің, сапалы ақпараттық контенттердің көбеюі жастардың тілге қызығушылығын арттырады.

Қорытындылай келе, қазақ тіліне қарсы тұрған басты мәселе – тілдің маңызын түсінбеу және оны жеткілікті деңгейде қолданбау. Ана тілімізді сақтау – тек мемлекеттік міндет емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Тілін құрметтеген халық қана өзінің ұлттық болмысын сақтай алады.


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (10)

Дана

Өте керемет жазылған
Жаксы әсерде болдым,жарайсын Аяжан қыз👍😍

Гульнур

Қаламың ұштала берсін👍🏻

Гульнур

Керемет👍🏻

Айгуль

Жарайсын Аяжан молодец👍

Алтынай

Керемет

Жанат

Тіл - халықтың жаны👍👍👍

Жанат

Тіл - халықтың жаны , өте дұрыс

Абдулла

Әп бәрекелді жақсы жазылған керемет👍

Умай

Тамаша пікір!

Умай

Тамаша!