Өлең, жыр, ақындар

Тотықұстар құрал-жабдықтарды пайдалана алады

Йорк пен Сент-Эндрюсс университеттерінің психологтары ірі тотықұс-вазалар (Coracopsis vasa) құрал-жабдықтарды пайдаланатындығы жайлы куәліктерді тапқан. Еркіндікте өмір сүретін он тотықұсты бақылау сәтінде олардың құрал-жабдықтар арқылы теңіз қабыршақтарынан кальций алып жатқанын, және де бір-біріне құралдарды беріп жатқанын байқаған. Ғалымдардың мақаласы Biology Letters журналында жарияланды.

Ғалымдар тотықұстарды наурыздан қазан айына дейін, сегіз ай бойы бақылап, бейнетаспаға түсірген. Бақыланып отырған он құстың бесеуі құрал-саймандарды кальций ұнтағын немесе жұтуға ыңғайлы үзінділерді алу үшін пайдаланған. Құстар ұсақ тастардың немесе құрма дәнегінің көмегімен қабыршақтарды сына тәріздес уатады, немесе ұнтақ алу үшін қырнайды.

Бұл әрекет әсіресе наурыз және сәуір айларында қатты байқалған. Мұны ғалымдар құстардың алдағы уақытта көбеюімен байланыстырады. Кальций жұмыртқа басу үшін аса қажет элементтердің бірі. Дегенмен, құрал-саймандарды еркек құстар белсене пайдаланған: жұптасу алдында еркек құстар ұрғашыларын ұнтақпен тамақтандырып, олардың ықыласына бөленуге тырысқан.

Мұндай құбылыс құстардың бұл түрінде алғаш байқалып отыр. Жалпы жануарлардың құрал-жабдықтарды пайдалануы өте сирек кездесетін жағдай (адам тәріздес маймылдарды санамағанда). Ғалымдар жабайы орманда өмір сүретін тотықұстардың бұл түрін әлі бақылап көрген жоқ. Құстар бұған әлеуметтік немесе жеке үйретуден дағдыланды ма, әлде туабітті қасиеті ме, бұл әзірге белгісіз болып отыр.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз