Еріктілік – ешқандай материалдық сыйақы күтпей, қоғам игілігі үшін атқарылатын қызмет. Соңғы жылдары Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді. Табиғи апаттар, қайырымдылық акциялары, мәдени және спорттық іс-шаралар кезінде мыңдаған жастар өз еркімен көмек көрсетіп жүр. Ендеше, еріктілік қоғамға қандай пайда әкеледі?
Ең алдымен, волонтерлік қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттырады.
Қиналған адамға қол ұшын созу – адамгершіліктің белгісі. Еріктілер қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балаларға және табиғи апаттан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіп, қоғамдағы бірлікті нығайтады.
Сонымен қатар, волонтерлік жастардың жеке дамуына үлкен ықпал етеді. Олар жауапкершілікті, көшбасшылықты, командамен жұмыс істеуді және адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуды үйренеді. Мұндай тәжірибе болашақ мамандықта да үлкен артықшылық береді.
Еріктілік – жай ғана тегін еңбек емес, ол – қоғамға деген жауапкершілік пен қамқорлықтың көрінісі. Өзгеге көмектесе отырып, адам тек қоғамды ғана емес, өзін де дамытады. Сондықтан волонтерлік мәдениетін дамыту – мейірімді, ұйымшыл және жауапты қоғам қалыптастырудың маңызды қадамдарының бірі. Жақсылық жасаудың үлкені де, кішісі де болмайды.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі