Жаңа Конституция және Президенттің өкілеттілік мерзімі

Конституциялық сот президенттің сайлауға қатысуына қатысты Конституцияның бірқатар баптары мен тармақтарын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарап, іс басындағы президенттің тағы да сайлауға қатыса алатынын жариялады.

Конституциялық соттың ресми мәліметіне сүйенсек, 1995 жылғы Конституцияға сәйкес аталған конституциялық нормаларда көрсетілген лауазымдарды атқарып отырған адамдар, яғни президент 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға қайта сайлана немесе тағайындала алады.

«Конституциялық сот аталған конституциялық нормаларда көзделген тыйымдар мен шектеулер 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейінгі тағайындалуы алғашқы сайлану немесе тағайындалуға мүмкіндік береді» делінген ресми хабарламада.

Яғни, Қасым-Жомарт Кемелұлы бұдан алдын ендігі сайлау биыл өзгертілген Конституцияға дейінгі ата заң бойынша „өз уақытында, 2029 жылы өтеді“ дегенмен, қазір тағы сайлауға қатысуға құқығына ие болды. 2022 жылы Конституцияға енгізілген өзгертулер бойынша президент жеті жылға бір рет қана сайлана алады деп бекітілген еді.


Ұқсас тақырыптар

президент
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)