Тәуелсіздік алғаннан бері қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінде мектептерде, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде қазақ тілі кеңінен қолданылады. Сонымен қатар қазақ тілінде кітаптар, фильмдер, телебағдарламалар мен интернеттегі түрлі контенттің саны артып келеді. Бұл-мемлекеттік тілдің дамып келе жатқанын көрсетеді.Соған қарамастан, күнделікті өмірде қазақ тілінде еркін сөйлеуге қиналатын жастар да кездеседі. Кейбір адамдар өзге тілде сөйлегенді заманға сай деп қабылдайды. Менің ойымша, бірнеше тілді білу-үлкен артықшылық. Бірақ қандай жағдай болса да, ана тілі бірінші орында тұруы керек. Өйткені өз тілін құрметтемеген адам өз халқының тарихы мен мәдениетін де толық түсіне алмайды.Қазақ тілінің дамуы тек мемлекетке байланысты емес. Бұл- әр адамның өзіне байланысты мәселе. Егер әрқайсымыз үйде, достарымызбен және қоғамдық орындарда қазақ тілінде сөйлесек, оның қолданылу аясы одан әрі кеңейеді. Сонымен қатар қазақ тіліндегі кітаптарды оқу, сапалы фильмдерді көру және әлеуметтік желіде қазақша контентті қолдау да маңызды.Мен болашақта журналист болғым келеді. Сондықтан қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін сақтап, халыққа сауатты әрі түсінікті ақпарат жеткізу – мен үшін үлкен жауапкершілік. Журналист қоғамға үлгі болуы керек деп есептеймін. Егер бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосса, оның беделі де арта түседі.Қазақ тілі – тек қарым-қатынас құралы емес, ол-ұлттық болмысымыздың айнасы. Тілімізде ата-бабамыздың даналығы, тарихы мен рухы сақталған. Сондықтан оны білу ғана емес, құрметтеп, күнделікті өмірде қолдану өте маңызды.Соңғы жылдары қазақ тілінде білім алатын жастардың саны артып келеді. Бұл – қуантарлық жағдай. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде қазақ тілінде сапалы контент жасайтын жастар көбейді. Олар кітаптарды таныстырып, ғылым, тарих, мәдениет туралы бейнероликтер түсіреді. Осындай бастамалар қазақ тілінің дамуына оң әсерін тигізеді. Менің ойымша, қазіргі жастар қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қоса алады.Қазақ тілінің болашағы тек білім беру саласына ғана байланысты емес. Ол ғылымда, технологияда, кәсіпкерлікте және бұқаралық ақпарат құралдарында да кеңінен қолданылуы керек. Егер қазақ тілінде сапалы оқулықтар, ғылыми еңбектер, фильмдер мен заманауи бағдарламалар көбейсе, жастардың ана тіліне деген қызығушылығы да арта түседі.Қазақ халқының көптеген мақал-мәтелдері, шешендік сөздері мен көркем шығармалары тілдің қаншалықты бай екенін дәлелдейді. Әр сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Сондықтан қазақ тілін дамыту дегеніміз- ұлттық мәдениетті, тарихты және рухани құндылықтарды сақтау деген сөз.Менің ойымша, ана тілін құрметтеу үлкен істен емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Үйде ата-анамен қазақша сөйлесу, қазақ тіліндегі кітаптарды оқу, өз ойыңды сауатты жеткізу және әлеуметтік желіде қазақ тілін қолдану -тілдің дамуына қосылған үлес. Әр адам өзінен бастаса, қазақ тілінің мәртебесі одан әрі арта түседі.Бүгінде Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығы мемлекеттік тілді білуге және құрметтеуге ұмтылғаны дұрыс. Себебі мемлекеттік тіл-елді біріктіретін маңызды құндылықтардың бірі. Ортақ тіл адамдардың бір-бірін жақсы түсінуіне және қоғамдағы бірліктің нығаюына ықпал етеді.Қорытындылай келе, қазақ тілі -ұлттың болашағы. Ана тілімізді дамыту- әрбір азаматтың парызы. Егер бәріміз қазақ тілінің мәртебесін көтеруге үлес қоссақ, мемлекеттік тіліміздің болашағы жарқын болады. Тілі сақталған халықтың ғана рухы мықты, болашағы баянды болады.

- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі