« Тіл тағдыры - ұлт тағдыры »

« Тіл тағдыры - ұлт тағдыры » 

"Тіл туралы айттың деп орнымнан алып тастапты". Конституциядағы орыс тілін алып тастау туралы айтқан ғалым қызметтен қуылған.

Конституциядан орыс тілін алып тастау туралы бой көтерген белгілі тұлға, ғалым Елдос Тоқтарбай өзін қызметінен босатқаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы өзінің Facebook әлеуметтік желісінің жеке парақшасында жариялады. Ақпаратты 7 ақпан күні Alash.kz хабарлады.

Malim.kz ақпаратына сүйенсек Елдос Тоқтарбайды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов тіл мәселесі бойынша талап қойғаны үшін Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің төрағасы қызметінен шеттеткен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында бүгінгі күнгі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне баса назар аударды. Алдағы уақытта туған тіліміздің мәртебесі күшейіп, ұлтаралық қатынас құралына айналатынын жеткізді. Бұған дейінгі кездесулерде де Мемлекет басшысы тіл тақырыбына қатысты ұтымды ойын білдіріп келді. Қазіргі жаһандану заманында бұл мәселе ешқашан өзектілігін жоймайды. 

 «Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов мені тіл туралы жазған пікірлерім үшін Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің төрағасы қызметінен алып тастапты. Кеңестегі екі әріптесіме де “орнын босатсын” деп тапсырма берілген. Бұл – қоғамдық негіздегі, ақысыз қызмет еді», – деп жазды Елдос Тоқтарбай.   

Осы орайда айта кетер жайт Жаңа Атазаңымызға еліміздің тұрғындарының көзқарасы сан алуан. Жаңа Конституцияның жобасы адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілік, заң үстемдігі, цифрлық қауіпсіздік сияқты бүгінгі таңдағы өзекті талаптарды қамтиды. «Мемлекет адам үшін» қағидаты қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайта түседі,-дейді тұрғындардың басым көпшілігі.

       - Мен үшін жаңа конституцияда «Адал азамат» қағидасы жақын болып көрінді.Себебі, бұл дегеніміз – адамдар жауапкершілік сезініп және адал кәсіппен табысқа жететінін білдіреді. Сондай-ақ, «Заң мен тәртіп» қағидаты да өзекті қазіргі таңда. Себебі, заң алдында барлығымыз теңбіз. Еліміздегі тәртіп үшін тек мемлекет емес, біз жастар да, адамдар да, тұрғындар да жауапты деп есептеймін.

- 27-бап. Онда жаңағы отбасы және неке дейді. Өздеріңіз білесіздер, біздің қазақ елінде, ұлттық тәрбиеде әркім де өзінің әке-шешесін қалтырмаған. Одан кейін бізде отбасына үлкен көңіл бөлінеді ғой. Әркім өз баласын осы зайырлы мемлекетіміздің бір адал азаматы болсын-деп тәрбиелеу керек. Соның түгелі жаңағы нормаға енген екен.

- Ұлтқа тән төл өнеріміз төрге озады. Соның өзі-ақ біздің елімізге берер пайдасының көп екені көрініп тұр. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу – бұл болашақтағы жаһандану үрдісінде жұтылып кетпеу ғой, басты мақсатымыз. Сол тұрғыдан алып қараған кезде бұнығ елге берері көп деп ойлаймын өзім.

Ал Мереке Құлкенов Ara Media тілшісіне берген қысқа түсініктемесінде аталған жайттан бейхабар екенін мәлімдеді.«Ондай жиналыс болған жоқ. Ол жазбаны көрген емеспін. Бұл туралы хабарым жоқ. Бүгін менің уақытым шектеулі, жиналыс өтеді», – деді ол. Айта кетейік , бұған дейін Мереке Құлкенов туған тіл мәртебесі туралы сөз қозғап, орыс тілін « өмір бойы бізбен бірге келе жатқан тіл» деп баға берген. Сонымен қатар, Конституцияның реформаларын қолдайтынын жеткізді. Мереке Құлкенов алғаш Қазақстан жазушылар одағының төрағасы болып сайланған сәтте «жазушылар оппозицияда болмауы керек»- деген ұстанымын қалыптастырған болатын. Қазіргі таңда да осы принципке негізделген мәмілеге келіп, орыс тілінің маңызын жоғалтпағаны жайлы шешім шығарған сыңайлы. Ресми мемлекетаралық тіл орыс тілі болып бекітілген күннен бастап қазақ тілінің мәртебесі көкке қалықтамады. Осы орайда кінә неде? Кінәлі кімде?

             Ана сүтімен дарыған қасиетті ана тіліміздің тыныс тіршілігі төмендеуі қоғамда белең алды. Ғалымдардың зерттеуінше, әрбір екі апта сайын әлемде бір тіл жер бетінен жойылып кетіп жатыр. Ал 21 ғасырдың аяғына қарай қазіргі 6 мыңнан астам тілдің тең жартысы мүлдем қолданылмайтын болады. Онымен бірге сол ұлттар да тарих қойнауына еніп кетеді. Бұл қорқынышты сценарийдің кейіпкері болып кетпеу үшін билік те, халық та басты құндылығын дәріптеп, өз шыңында ұстап тұруға атсалысу қажет. Қоғамның қозғауы міндет тақырыбы да осы мәселе аясында - жастардың қазақ тілін білмеуі. Халықтың 60% күнделікті өмірде тек орыс тілін қолданса, теңдей жартысы ана тілдерінен бейхабар. « Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»– демекші, қазақ тілін екінші орынға ысырып қойып, Қазақстан Республикасында орыс тілі басты тілге айналуы тіл жанашырлары үшін үлкен резонанс тудырды. Бүгінгі таңда мекемелердің үштен тек бір бөлігі ғана қазақ тілінде қызмет көрсетеді. Елбасымыз «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы айтып, алдымызға айқын, жол ашып берген болатын. Енді осы жолда бірігіп еңбек ету қажет . Тіл тағдыры - ел тағдыры. Демек, бұл бір адамға ғана қатысты емес, барлық қоғамға қатысты. Әр халықта тіл сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы ғана емес, өзге елдердің алдында дәрежесін айқындап, тарихынан хабар беретін, еңсесін биік көтеріп, болашағына болжам жасайтын қастерлі де қасиетті тұғырлы қаруы екені мәлім. Жоғарыда тілге тиек еткендей, халқымыз тәуелсіздігін алғалы ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, кейбір азаматтарымыздың тілді мойындаса да игеруге асықпайтындығы, сол ежелгі таптауырын болған қағидаттардан арыла алмай жүрген жайы да жоқ емес. Ал болашығымыздың қазақ тілінде екендігін ескерсек, тіл төңірегіндегі кемшіліктерті түзеу, әрбір елім дейтін азамат үшін, ат үсті қарап, айналып өтуға келмейтін мәселе екендігі даусыз. Кейбір саясат өкілдері де берген сұхбаттарында қазақ тілінде екі сөздің басын біріктіре алмайды, ал кейбіреулері тіпті қазақ тілін білмейді де. Көшбасшылық еткен кер тұлғалар бұлай сансырап жүрсе, қарапайым қара халыққа не айыбымызды айтамыз? Мемлекетаралық тіл деп орыс тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне жақын қалғанын аңғарса, халық бұлай жайбарақат жатпайтыны анық. Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Жалпы мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз дұрыс. Тілді насихаттауда,үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны жүзеге асырудың озық әдістемесін жасауда да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс.Қазіргі таңда сөздің қадіріне жетуді, қазақ тілінің тазалығын сақтауды назардан тыс қалдырып жүргендейміз. Бірқатар жұрттың қазақша сөйлегеніне разы боламыз да, тілді оңды-солды қойыртпақтауына кейде кешіріммен қарай саламыз. Түптеп келгенде, тілді шұбарлау оны білмеуден де қатерлі. Бүгінгі күні жаһандану дегенді алға тартқан ірі державалар өз саясаттары мен дәстүрлерін сөз саптауларымен, түрлі атауларымен қоса қажымай-талмай тықпалап жатыр. Мұндай жағдайда біз жердің бүтіндігі үшін шекарамызды қалай күзетсек, ана тіліміздің тазалығына да дәл солай қырағылық танытуымыз керек. Әсіресе, балаларды балабақшадан, мектептен бастап, ең алдымен, өз ана тілінің қаймағын бұзбай, таза сөйлеулеріне баулудың маңызы айтарлықтай. Қазіргі күні ЖОО қазақ топтарында білім алып жатқан студенттер, қазақ мектебінде оқитын, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар мен жасөспірімдер сабақтан тыс уақытта өзара орысша сөйлеседі. Таяу болашақта ана тілімізден мүлде көз жазып қалуымызға осының өзі жетіп жатыр. Енді, осы қасірет аз болғандай еліміздің ресми органдары «үштұғырлы тіл» дегенді желеу етіп, «Әлем тарихы» секілді кейбір пәндерді қазақ мектептерінің өзіне орысша оқытпақ. Егер біздің ұрпақ әлем елдеріне Ресейдің терезесінен қарап, дүниежүзінен тек орысша мәлімет алатын болса, онда тілдің де, елдің де болашағы жоқ деген сөз. 

Қазақ тілінің мәселесі саусақпен санарлықтай ғана емес. Оның қазіргі таңдағы ахуалының өзі мәселе. Жер аумағы мен тарихы кішкентай ғана тілдердің өзі бұғанасы мықты дербес тілдер қатарында. Ал бес ғасырдан астам тарихы бар, жер көлемі тоғызыншы орыннан топ жарған қазақ тілінің тұғыры таяз екені өкініш сыйлайды. Қолдану кеңістігінің кемшілігі әлем сахнасына шығуға тұсау болып табылады. 

Өз тілімізді сақтап қалудың бір ғана жолы бар. Ол - қазақ тілін жетік меңгеру, қолданысқа тек қазақ тілін енгізу. Осы қарапайым қадамдар біртұтас елдің егемендігін сақтап қалушы фактар. Ғалымдар мемлекет символы тілдің берік болуы халықтың өз тілінде сайрап тұруында екенін тұжырымдады. Әлем тарихында бүгінге дейін бөтеннің мәдениетімен алға шыққан бір де ұлт жоқ. Белгілі бір ұлттың халық ретінде сақталуының өзі оның өзгеден тілі, дәстүрі, мәдениеті арқылы дара дербес тұруында ғана. Ал бөтенмен былғанып, оған мидай араласып, қойыртпақталып кетсе, шаруасы бітті дей беріңіз. Бұл – әлемде қалыптасқан шынайы жағдай. Бөтен жұрттың тілін қабылдаған ұлт ағзасына донордың бүйрегін бе немесе өзге бір дене мүшесін алмастырып салған мүгедек адам секілді. Ондай жандар үнемі ем алып, екпе егіп отырмаса, өмір сүре алмайтыны белгілі ғой.

          Қорытындылай келе қазақтың тілі – қазақтың жаны. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Сондықтан тәуелсіздік тәжін киген әрбір жас ұрпақ - ана тілінің құндылығын асқақтатуы керек.

 

 

Келтірілген дереккөздер @qazaqstan.kz 

@alash.kz сайтынан алынды


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)