Эмоционалды интеллект (EQ) және оны бала кезінен қалыптастыру маңызы

Басты бет / Оқушы жұмыстары / Эмоционалды интеллект (EQ) және оны бала кезінен қалыптастыру маңызы

Эмоционалды интеллект (EQ) және оны бала кезінен қалыптастыру маңызы 

 

Қазіргі қоғамда адамның тек білімді және ақылды болуы жеткіліксіз деп ойлаймыз. Адам өз эмоциясын түсініп, оны дұрыс басқара білуі және басқа адамдардың сезімінде түсіне алуы керек. Осындай қабілетті эмоционалды интеллект немесе EQ деп атаймыз. Қазіргі уақытта бұл ұғым туралы көп айтылады, себебі эмоционалды интеллект адамның оқуында, жұмысында және күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады.

 

Эмоционалды интеллект дегеніміз – адамның өз сезімдерін түсінуі, эмоциясын басқара білуі және басқа адамдардың көңіл күйін сезіне алуы. Мысалы, кейде біз ашуланғанда немесе ренжігенде эмоцияға беріліп, кейін өкінетін сөздер айтып қоюымыз мүмкін. Ал адам өз эмоциясын түсініп, сол сәтте сабыр сақтай алса, мәселені ұрыспай-ақ шешуге болады.Біздің пікірімізше, бұл EQ-дің қарапайым, бірақ өмірде өте маңызды мысалы.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің Психология пәнінде Борбасова Гүлнұр апаймен осы тақырыпты біраз талқыладық. Сабақ барысында эмоционалды интеллектінің адам өміріне қалай әсер ететіні туралы сөйлестік. Гүлнұрапай бізге өз эмоцияларымызды түсінуге, қиын жағдайда бірден шешім қабылдамай, алдымен сабыр сақтауға және басқа адамның сезіміне де көңіл бөлуге кеңес берді. Осы сабақтан кейін мен эмоционалды интеллектінің күнделікті өмірде қаншалықты маңызды екенін жақсырақ түсіндік.

 

Біздің ойымызша, эмоционалды интеллектіні бала кезінен қалыптастыру өте маңызды. Себебі балалық шақта адамның мінезі мен көптеген әдеттері қалыптаса бастайды. Егербала кішкентай кезінен өз сезімін түсінудіжәне оны дұрыс жеткізуді үйренсе, болашақта басқа адамдармен қарым-қатынас жасау оған оңайырақ болады. Мысалы, бала ашуланған кезде айқайлап немесе біреумен төбелесіп кетудің орнына, неге ашуланғанын айтып үйренсе, бұл оның болашағына да жақсы әсер етеді.

 

Баланың эмоционалды интеллектісін дамытуда ата-ананың рөлі өте үлкен. Кейде үлкендер бала жыласа «жылама», ашуланса«ашуланба» деп айта салады. Бірақ , баладан«Неге ренжідің?», «Қазір өзіңді қалай сезініптұрсың?» деп сұрау пайдалырақ. Өйткені бала өз сезімін жасырып қалмай, оны түсінуге және сөзбен жеткізуге үйренеді. Сонымен қатар ата-аналар да өз іс-әрекетімен балаға үлгі болады. Егер үйде мәселелер айқаймен емес, сөйлесу арқылы шешілсе, бала да соны көріп өседі.

 

Мектеп пен университетте де эмоционалды интеллектінің маңызы бар. Біз күн сайын әртүрлі мінезі мен көзқарасы бар адамдармен араласамыз. Кейде бір-бірімізді түсінбей қалуымыз немесе пікіріміз сәйкес келмеуі мүмкін. Осындай жағдайда басқа адамның пікірін тыңдай білу, сабыр сақтау және мәселені сөйлесу арқылы шешу өте маңызды. Топтық жұмыстар кезінде де тек өз пікіріңді айту емес, басқа адамдардың ойын тыңдау қажет.

 

Біздің пікірімізше, EQ достық пен отбасы қарым-қатынасында да үлкен рөл атқарады. Кейде адамның көңіл күйі болмай тұрғанын оның сөзінен емес, іс-әрекетінен байқауғаболады. Осындай кезде оны бірден сынамай, жағдайын түсінуге тырысу керек. Біреудің сезімін түсіну және қажет кезде қолдау көрсету де эмоционалды интеллектінің бір бөлігі деп ойлаймыз.

 

Сонымен қатар жоғары эмоционалды интеллект қиын жағдайларды жеңугекөмектеседі. Өмірде әрқашан бәрі біз қалағандай бола бермейді. Оқуда қиындықболуы мүмкін, адамдармен түсініспеушілік болуы мүмкін немесе жоспарымыз орындалмай қалуы мүмкін. Осындай кезде эмоцияға толық беріліп кетпей, жағдайды түсініп, шешім іздей білу маңызды.

 

Қорытындылай келе, эмоционалды интеллект адамға тек оқу кезінде емес, бүкіл өмірінде қажет деп ойлаймыз. EQ адамның өзін жақсы түсінуіне, эмоциясын басқаруына, басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуына және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Сондықтан эмоционалды интеллектіні бала кезінен дамытуға көңіл бөлу керек.Біздің ойымызша, адам өз эмоциясын түсінуді үйренген сайын, басқа адамдарды да жақсырақ түсіне бастайды.

Әл-                                                                               

                                        Фараби атындағы Қазақ ұлттық                                                                                                                                                                                                                                                                                            университетінің

                                                                 PhD, доцент м.а., Г.Н. Борбасова

         «Психология»пәні "Жасанды интеллектісі бар жоғары жүктелген ақпараттық жүйелер" мамандығының 1 курс “қазақ" тобы  студенттері



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)