Мақал-мәтел тағылымы

Басты бет / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Мақал-мәтел тағылымы

Бала тәрбиесі туралы

Ата — балаға сыншы.

Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер.

Есер баладан ерке бала жаман.

Бала — ананың бауыр еті.

Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.

Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры.

Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.

Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.

Тәлім-тәрбие туралы

Өз білмегеніңді кісіден сұра, 
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра. 

Біліп тұрсаң да, сұрап ал. 

Ойын түбі — от, ой түбі — алтын. 

Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман. 

Көп біл, аз сөйле. 

Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. 

Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені. 

Сыйлассаң, сыйымды боларсың, 

Ұлық болсаң, кішік бол. 

Қарағайға қарап тал өсер, 
Қатарына қарап бала өсер. 

Өзін-өзі мақтаған өліммен тең. 

Ашу — дұшпан, ақыл дос, 
Ақылыңа ақыл қос.

 


Ұқсас тақырыптар

бала мақал мәтел Бала тәрбиесі

WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)