Өлең, жыр, ақындар

Әлемнің 10 таңғажайып жері

Біздің жер шарымыз таңғажайыптарга толы. Бұл суреттерді көре отырып, өзге ғаламшарларда отырғандай әсерде боламыз. Дегенмен де, шындығында бұл әсем жерлер біздің планетамызға тиесілі. Тылсым құдіретті күштің арқасында, пайда болған бұл мекендерді көру біз үшін үлкен бақыт һәм мәртебе.

 

Фотоайдарды Антарктиканың ең шөлейт жерінен бастайық. Бұл шөлді мекен жер шарының ең құрғақ аймағы болып саналады.Себебі, мұнда миллиондаған жылдар бойы бір тамшы жауын-шашын тамбаған. Климаты Марс жер серігіне ұқсайтын болғандықтан, Наса агенттігі жиі тәжірибелер жүргізеді

Африкада орналасқан Сокотра аралын көрген де, көрмеген де арманда. Арал құрлықтан 6 миллион жыл көлемінде бөлініп, құрғақшылыққа қарамастан өзгеше климат қалыптастырған. Мұндағы кейбір өсімдіктердің жасы 20 миллион жылдан асып жығылады.

Ал, мына Испанияда орналасқан Рио Тинто карьері. Көп жылғы қазба жұмысы нәтижесінде, бұл жер ай көрінісін елестетеді. Өзен түрлі металлдар қоспасынан өзгеше түске боялған. Туристердің көп қатынайтын сүйікті мекендерінің бірі.

Көпшілігіңіз бұл көл жайлы естімегеніңізге кепіл бере аламыз)) Канададағы Клилук көлі жергілікті үндістердің киелі орны. Көлдің ерекшелігі, судың әр жерге жиналуы. Жылдың мезгіліне қарай су түсі әр түрлі түске өзгереді. Күміс пен титанның үлкен қоры жинақталған.

Үлкен Тұзды көл. Әлемдегі ең үлкен тұз қоры жинақталған көл. Ғажайып аралдары мен вулкандары, сондай ақ, су асты гейзерлері көлге ерекше сән беріп тұрады. Тұздылығы соншалық, су үстінде жеңіл көлікпен жүйіткіп жүре аласыз.

Егер сіз Бразилияға бара қалсаңыз, бұл жерге міндетті түрде соғуыңыз керек. Вале да Луа айрықша тау түзілістері. Мұнда көп жылғы жер қыртысының қалыптасуы нәтижесінде, табиғи хауыздар пайда болған. Жергілікті тұрғындар күн ыстығынан құтылу үшін осында асығады. 

Қиыр шығыс елі Жапония да көрікті жерлерден құр алақан емес. Бұл Беппу жүйесін құрайтын қанды көлшік. Суы жыл 12 ай ыстық күйінде сақталады. Суының қызғылт сары болуын ғалымдар су құрамында темірдің шамадан тыс көп болуымен байланыстырады.

Кезекті табиғат ғажайыбының бірі Мәуереннахрдағы Ришат құрылымы. Басқа бір атауы - Сахара көзі. Жүзік секілді домалақ болуын метеориттің құлауымен байланыстарғандар да бар. Дегенмен, қазіргі ғалымдар тастардың бірте-бірте ыдырауын себеп қылып отыр. Ришат - әлемдегі ең жұмбақ табиғи құбылыстардың бірі.

Көрші ел Туркменстандағы ад Дарваз тау саласы мамандарына жақсы таныс. Шындығында, мұндағы терең жер қойнауынан атқылап жатқан бұрқасын лава үрей туғызады, көкіректі қорқыныш билейді. Дарваз- газ құдығы деген сөз. Бұл шұңқырдың диаметрі 60 метр, тереңдігі 30 метр. Шығу тарихы кеншілердің газ іздеу мақсатында жерді бұрғылауынан бастау алады. Газдың орнынан лава атқылап шыққан.

Эйсрайзенвельт- ерекше мұздықты үңгір. Басқа үңгірлермен салыстырғанда, мұз жабындылары ерекше қалыптасқан. Мұнда келген туристер  өздерін құдды ертегілер елінде сияқты сезінеді. Үңгірдің қашықтығы 40 км болуына қарамастан, саяхатшылар легі еш толастаған емес.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

әліби

осылардың арасында маған қатты ұнағаны 2 керемет

Абдрай Ұлпан

Соңғысы қатты ұнады. Негізі бəрі күшті. Керемет

Арайлым

Әлем дегенің әдемі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар