АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда Марстағы көне өзен арнасының суреті жарияланды. Аса жоғары сападағы суретте оның Марс картасындағы орны белгіленген. Сурет 2015 жылы 25 қыркүйекте ғарыш аппаратында орнатылған камерамен түсірілген, деп жазады newsru.com сайты.

Суретте Ацидалий жазығының бір бөлігі көрсетілген, ол марс экваторының солтүстігінде жатыр. Өзеннің қай дәуірде болғаны, онда не аққаны әзірге белгісіз. Өзен арнасы жер бетіндегі су аққан аңғарларға өте ұқсайды.
Аризона университетінің сайтында жарияланған сурет бірнеше нұсқада берілген.

- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі