Астанада бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар үшін сабақ болмайды

Астанада қатты аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар үшін сабақ болмайды. Бұл туралы елордалық білім басқармасы хабарлайды. Бұл шешiм - ауа райының қолайсыздығы мен күннiң суықтығына байланысты қабылданып отыр.

Сондай-ақ, желдiң күшеюiне және кешке қарай ауа температурасының төмендеу ықтималдығына байланысты, екiншi ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшiн де сабақ болмайтын болды.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар