Өлең, жыр, ақындар

Шығыс күнтізбесінде 2016 жылды иеленген маймылдар туралы қызық деректер

Маймыл – приматтар отрядына жататын ең жоғарғы сатыдағы сүтқоректі. Маймылдар және адам тәрізді маймылдар отряд тармағын құрайды. Бұлар 2 топқа бөлінеді. Кең танаулы маймылдар Оңтүстік және Орталық Американы, ал тар танаулы маймылдар Азия мен Африканы мекендейді.

Маймылдардың көпшілігі (жерде жүретін павиан, горилладан басқалары) ағашқа өрмелеп, бұтақтан бұтаққа секіріп, ағаш басында тіршілік етеді, сондықтан бас бармағы, үлкен башайы қалған саусақтарына қарама-қарсы біткен. Орманды, орманды таулы жерлерде мекендеуіне байланысты көру, есту қабілеттері жақсы жетілген, иіс сезімі нашар дамыған. Маймылдар миының көлемі, салмағы, даму дәрежесі жөнінен басқа сүтқоректі жануарлар арасында жоғары сатыда. Жоғарғы сатыдағы маймыл тәрізділер таяқты, тасты, т.б.қорегін алуға, жауынан қорғануға құрал ретінде пайдалана алады. Маймылдардың көптеген мінез-құлқы (ренжу, қуану, т.б.) – адамның мінез-құлығына ұқсас. Маймылдар өздері мекендейтін аумақтарын белгілеп, сол жерде топтасып өмір сүреді. Көбіне ағаш бұтағы арасына бұтақты иіп күрке салып түнейді. Қорегі – өсімдік жемісі, жапырағы, гүлі, тамыр жемісі, жәндіктер, сирек те болса жәндікқоректілер

Маймылдар әр алуан болады. 2016 мешiн жылы болғандықтан, бұл мақұлықтардың ерекше суреттерi адам бойында қызығушылық оятатыны даусыз.

Жапонияның Хонсю аралындағы макакалар. Бұл маймылдар ерекшелiгi, басқа туыстарына қарағанда, 30-35 градус суықта өмір сүреді. Қатты қақаған аяздарда ,жыл 12 ай ыстық боп тұратын көлшіктерге шомылып, жан сақтайды.

Гелад - қой мен маймыл арасындағы ерекше жануар. Маймылдың бұл түрі- приматтар арасындағы тек шөппен қоректенетін жалғыз түр. Ғалымдардың тағы бір байқаған ерекшелік - геладтар қасқырдан корыкпайды.

Маймылдың бұл түрі- шимпанзелер туысқаны бонобо деп аталады. Шимпанзеден өзінiң бәкене бойымен және аяғының ұзындығымен ерекшеленеді. Дегенмен, боноболар өзінiң түр-әлпетімен емес, өзара жанжалдарды жыныстық қатынас арқылы шешетiндiгIмен танымал.

2009-2011 жылдары Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында бабуиндер өзінiң террорлық әрекетімен көзге түсті. Негізiнде, бабуин - кішкене маймылдардан саналмайды. Ұрлықы әрекеттерi арқылы, жұрттың мазасын жиі алады. Жануарлар қылмыстық әлемiнде өзіндiк орны бар.

Ондаған жылдар бойы Барселона зообағының тұмарына айналған - атақты ақ горилла. Бұл адамдарға танымал  маймыл сонау 1966 жылы торға жерлестірiлген. <Ақ қар > атауына ие болған бұл маймыл 2001 жылы қатерлі iсiкке шалдығуға байланысты, ине арқылы жер жастандырылды.

Гибралтар маготалары европалықтарға жақсы таныс. Тiптi, ағылшындар арасында бұл мешіндер жайлы аңыздар қалыптасқан. Гибралтар жартaсында маготалар өмір сүруiмен, Британия империясы ешқашан кұламайды,- сынды алып-қашпа әңгімелер әлі күнге шейін халық арасында сақталған.

Оңтүстік және орталық Қытай климаты субтропикалық болып саналады, бұл аймақтың қысы жұмсақ. Сол себепті, Роксолана Пигатрикс атауына ие болған бұл маймылдар осында мекен етеді. Қытайлықтар мұны қарапайым тiлмен "қар маймылы" деп те атайды. Роксолана аты атақты қолбасшы Сүлеймен сұлтанның жары Анастасия Лисовскаяның(Роксолана) құрметіне берілген. Себебі, бұл мешіндер ханшайым сияқты  тәмпiш мұрынды.

Десек те, қазақтардың пайымдауынша, мешін – жайсыз жыл. Бұл жылы бүліншілік, сәтсіздіктер мен жайсыз оқиғалардың көп болуы мүмкін. Сол себепті ,қазақтар мешін жылынан қорқады. 1920 жылы қазақ даласында көп мал қырылып, бұл жыл «Тас мешін» деп аталды. 1931-32 жылдарғы алапат аштық та мешін жылына сәйкес келді. Ақ Орда хандығы 1428 – мешін жылы құлады. Есесiне, мешін жылы (1680) Тәуке хан таққа отырып, ел биледі.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз