Фер-де-ланс француз тілінде "Найза бас" деген мағынаны білдіреді.
Фер-де-ланс - улы жыландардың ішіндегі ең улысы.
Ересегінің ұзындығы 1,2-2 метрге жетеді. Құрлықта тіршілік етсе де, суда жақсы жүзеді және өрмелейді.
Бұл жыландардың көзі мөлдір қабықпен жабылған, көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды.
Басы жалпақ, үшбұрышты болып келеді. Ал денесі сұр немесе қоңыр қабыршақтармен көмкерілген.
Фер-де-ланстың көздері мен тұмсығының ортасында жылу сезгіш шұңқыры болады. Осы сенсорының мықты жұмыс істейтіні соншалық, ол жемтігіне жақындамай тұрып-ақ, оның қаншалықты қашықтықта тұрғанын анықтай алады.
Адамды өлтіру үшін фер-де-ланс жыланының 50 мг уы жеткілікті
Шаққан кезде шамамен 105 мг уын бөліп шығарса, сауған кезде уының мөлшері 310 мг болған.
Фер-де-ланс жыланы ұрпағын тірідей туады. Жаңа туылған жыландардың ұзындығы 30 см-ге жетеді және олардың азу тістері улы болып жетіледі. 20 жылдай тіршілік етеді.
Бұл жылан адам өміріне қауіпті. Адамдар Американы мекендейтін барлық бауырымен жорғалаушылардың ішінде көбіне фер-де-ланс жыланынан зардап шегеді.
Фер-де-ланс жыландары көбіне түнде белсенді тіршілік етеді. Дегенмен күндіз де қорек іздейді. Қауіп төнген кезде басын тік көтеріп алады.
Фер-де-ланс жыланы қас-қағым сәтте секіріп, тістеп алады. Уы қанға өтіп, адамның бүкіл ішкі ағзаларының жұмысын бұзады. Медициналық көмек уақытында көрсетілмесе, адамның жүрегі мен бүйрегі қызметін тоқтатады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі