Эссе және өлең-жыр байқауы

Ақша жайлы қызықты деректер

Әлемде ақшаға енжарлықпен қарайтын адам кемде кем. Кейбірі оларды әулие тұтады, кейбірі оларды бар проблеманың негізі деп біліп, жеккөреді. Біз екі пікірді де ұстанбай, ақшаны өміріміздің бір бөлшегі ретінде қарастырып, қызықты деректерді ұсынамыз. 

Ақша
1) Орыстың «монета» сөзі Ежелгі Римнен келген. Рим құдайы Юнона Монета лауазымына ие болған, латыншадан аударғанда бұл «алдын ала ескертуші» немесе «кеңесші» деген мағынаны білдіреді. Дәл осы құдайдың ғибадатханасының жанында металл ақшаларды соғатын шеберханалар болған. Осы шеберханалардың өнімдерін монета деп атай бастаған, ал ағылшын тілінде осы сөзден «money» деген ақшаның жалпы атауы шыққан.

2) Ежелгі Грецияның мемлекеттерінде қарапайым ақшалар болғанымен, Спартада ақшаның орнына ауыр және ыңғайсыз темір шыбықтарды пайдаланған. Бұл спарталықтардың байлыққа құмар болмауы үшін, сонымен қатар аз ұрлап, пара бермеуі үшін жасалған әрекет.

3) Әлмеге танымал доллардың белгісі ($) америкалық валюта пайда болғанға дейін, тіпті Құрама Штаттарға дейін болған. Бастапқыда ол АҚШ-тың өз тиынын соғып шығарғанға дейін, шекарасында кең қолданыста жүрген мексикалық песоны белгілеу үшін пайдаланылған. Сол кезеңнің құжаттарын зерттеу көрсеткендей, бұл белгі P мен S әріптерінің қосындысынан пайда болған. Ps аббервиатурасы песоны белгілеу үшін пайдаланылған. 

4) Бүгінде Перта (Австралия) ақша сарайы жасаған алтын тиын әлемдегі ең ауыр тиын (монета) болып саналады. Оның салмағы 1 тоннаға тең. Ол 999-шы сынамадан жасалған, диаметрі 80 см, ал қалыңдығы 12 см. Алыптың атаулы құны – 1 миллион доллар, бірақ мамандар алтынды кесектеп сататын болса оны шамамен 55 миллионға сатуға болатынын есептеген. 
Ең ауыр монета


5) Исаак Ньютонның есімі көбімізге аңызға айналған алма мен жердің тарту күші заңымен таныс. Алайда оның адамзатқа жасаған тағы бір жаңалығы бар. Ол британ Корольдық теңге сарайының басшысы болып жүргенде тиынның жиегін бұдырлап соғуды ұсынған. Бұл сол кездері үлкен мәселе болған, тиындарды қолдан жасау мен соғуды қиындата түсті. 

6) Әдетте ақша көрсетілген бағаға сай келеді. Бірақ бұл қолданыстан шыққан, жәдігерлік және коллекциялық даналарға қатысты емес. Бүгіндікке «Жалбыр Шаш» деп аталатын, АҚШ-та 1794 жылы соғылған доллар ең қымбат тиын болып саналады. Ол аукционда 7 850 000 долларға сатылған. 


7) Қағаз ақшалар, атына қарамастан шын мәнінде қағазға басылып шығарылмайды. Олар тозуға төзімді, мақта мата мен зығырдан тұратын материалдан жасалған. Бұдан өзге, қазір көптеген елдерде банкноттарды басып шығаруға жаңа материалдарды пайдалануға тәжірибелер жасалып жатыр. Бұл олардың төзімділігін арттыра түспек. Осылайша, Австралия, Қытай, Бразилия, Солтүстік Ирландия, Румыния мен басқа да елдер банкнотты басып шығаруға арнайы жіңішке пластик материалдарды пайдалана бастаған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...

Пікірлер