АҚШ-та Калифорния технологиялық институтының ғалымдары Майкл Браун мен Константин Батыгин Күн жүйесінде жерден салмағы 10 есе артық алып планетаның бар екендігіне дәлелдер ұсынды, - деп жазады BBC агенттігі.
Зерттеушілердің Astronomical Journal басылымына жазған мақаласында, планета Нептунға қарағанда жерден 20 есе алыста екендігі айтылып, ол ғарыштың қашық тұсындағы шағын денелерді зерттеу кезінде ғана анықталғандығы көрсетілген.
Майкл Браун «жұмбақ планетаның» бар екендігіне телескоппен көрмей ешкімнің сенбейтінін айтады, алайда аспан денесін қазіргі оптика көрсете алмайтын болып шықты.
Бұған дейін Күн жүйесінің ең қашық планетасы Плутон саналып келді, 2006 жылы Халықаралық астрономиялық одақ оны «ергежейлi планета» деп атап, одан планета мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі