Алматының тұрғындары мен қонақтары «ОҢАЙ» көлік картасының теңгерімін Beeline Қазақстан мобильді телефонының теңгерімі арқылы толықтыра алады. Бұл туралы бүгін «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.
«2016 жылдың ақпан айынан бастап, Beeline Қазақстан клиенттері «ОҢАЙ» көлік картасының теңгерімін комиссиясыз SMS хабарлама және money.beeline.kzтөлем жүйесі арқылы толықтыра алады», - делінген хабарламада.
«Біз «ОҢАЙ» картасын қолдануды жолаушылар үшін өте ыңғайлы еткіміз келеді. Осыған байланысты «Кар-Тел» компаниясымен ынтымақтастықты жолға қойдық. Соның арқасында «ОҢАЙ» көлік картасының теңгерімін Beeline мобильді телефонының теңгерімі арқылы толықтыруға мүмкіндік туды», - деді «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС Басқарма төрағасы Рифат Әбдіраманов.
«money.beeline.kz бірегей төлем сервисінің іске қосылғанына небәрі бір айға жуық мерзім өтті. Соған қарамастан, осы уақыт ішінде Beeline клиенттері оған ерекше қызығушылық танытты. Біз осы жаңа сервис арқылы алматылықтарға «ОҢАЙ» көлік картасының балансын толықтырып отыруға мүмкіндік бердік. Қазіргі сәтте бұл қызмет тестілеуден өткізіліп жатыр. Көп ұзамай Beeline Қазақстан мен «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС оның іске қосылғандығын жариялайды», - деді өз кезегінде Beeline Қазақстан компаниясының корпаративті коммуникация бойынша директоры Алексей Бендзь.
Естеріңізге сала кетелік, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, Алматы қаласының барлық қоғамдық көліктері «ОҢАЙ» көлік картасына көшті. Бірыңғай көлік картасының бағасы - 400 теңге. Оған бір реттік жол ақысы - 80 теңге және 320 теңгелік кепілдік сома кіреді. Бұл сома жолаушы картаны кері қайтарған жағдайда оған қайтарылып беріледі. Көлік картасын бүкіл қала бойынша «ОҢАЙ» жапсырмасы бар сауда нүктелерінен және жүргізушілер мен кондукторлардан сатып алуға болады. 2016 жылдың 11-20 қаңтары аралығында «ОҢАЙ» картасы арқылы 292 891 340 теңгеге 4 595 367 транзакция жасалған. 2016 жылдың 20 қаңтарына қарай, 776 680 көлік картасы сатылды.
Олардың ішінде 419 049 Бірыңғай көлік картасы сатылып, 357 631 жеңілдетілген көлік картасы берілген.
Бүгінгі таңда «ОҢАЙ» көлік картасының теңгерімін «QIWI» терминалдары, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Касса24», «QIWI Кошелек», «Kaspi Bank» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, "СБЕРБАНК" АҚ Еншілес банкінің терминалдары, сондай-ақ «Астана Банкі» АҚ, "Банк ВТБ (Қазақстан)" АҚ Еншілес Ұйымы, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ, «Altyn Bank» АҚ ( АО «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Еншілес банкі), «Delta Bank» АҚ, «Эксимбанк Казахстан» АҚ, «Bank RBK» АҚ, "PROFIT LLP" ЖШС интернет-банкингі арқылы төлем жасауға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі