Google 2014 жылы Apple-ге Айфон смартфонында өзінің іздеу жүйесін басты бетінде орнату үшін, 1 млрд доллар төлеген. Google бұл келісімді күні бүгінге дейін құпия ұстап келген, алайда, қаржы мөлшері сот отырыстарының бірінде жария етіліп кетті. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Google компаниясы 2014 жылы бәсекелесі Apple құрылғысында шартты іздеуші боп қалу құқығы үшін 1 млрд доллар төлеген. Бұл сома Oracle Corp. компаниясының авторлық құқығын қорғау туралы арызы бойынша өткен сот отырысының стенограммасында жарияланды.
Google-дің іздеу жүйесі үшін Apple компаниясына қомақты қаржы төлегені туралы қауесет бірнеше жылдан бері айтылып жүр. Алайда компания мұны құпия ұстап келген еді.
Сотта жария етілген мәміле туралы Apple және Google өкілдері журналистерге түсінік беруден бас тартты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі