Соңғы кездері шошқа тұмауынан зардап шеккендер саны күн өткен сайын көбеюде. Тiптi, аз күн бұрын, Қазақстанда бұл аурудан қайтыс болған алғашқы адамның пайда болғанын ескерсек, сақтық шарасын қолдану артықтық етпейді. Көрші мемлекеттерде шошқа тұмауы өршіп тұр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Украинада 83 адам, Ресейде 27, Арменияда 18 адамның жанын аталмыш вирус жалмағанға ұқсайды.
«Шошқа тұмауы» дегеніміз не?
«Шошқа тұмауы» - бұл жіті, жоғары жұқтыру қаупі бар шошқалардың респираторлық ауруы, оған шошқа тұмауының А вирустарының бір түрі себеп болады. Ауру деңгейі өте жоғары, аурудан қайтыс болу төмен деңгейде (1-4%). Вирус шошқа арасында аэрозольдар арқылы, тура немесе жанама қатынаста жұғады, сонымен қатар жұқпаның еш белгісі білінбейтін тасымалдаушылар арқылы да таралады. Шошқалардың арасында жұқпа жыл бойы болуы мүмкін, жайлы климат жағдайында күз және қыс айларында ауру өршиді. Көптеген елдерде шошқа тұмауына қарсы оларды егу шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. ЖВРЖ ауруының белгілері бар адамдар үйде болғаны жөн, балаларға мектепке баруға болмайды. Қолды жиі жуу қажет, ол вирусты жұқпаның таралуын азайтады.
Жұқпа адамға қалай тарайды?
Адамдар тұмауды көбінесе шошқалардан жұқтырады, бірақ кей адамдар инфекцияны шошқалар немесе олардың ортасымен қатынаста болмаса да жұқтыруы мүмкін. Жұқпаның адамнан адамға тараған оқиғалары болған, бірақ та олар өте жақын қатынастар және адамдардың жабық топтарында орын алған оқиғалар.
Шошқа еті немесе оның өнімдерін тамаққа пайдалану қауіпсіз бе?
Ия. Шошқа еті немесе оның басқа өнімдерінен дұрыс өңдеуден өткен және дайындалған шошқа етінен адмадарға шошқа тұмауының таралғаны туралы көріністер орын алған жоқ. Шошқа тұмауының вирустары тамақ 160˚F/70˚С температурасында дайындалғанда өледі, мұның өзі шошқа еті және басқа да ет түрлерін дайындаудың жалпы ережесіне сәйкес.
Шошқа тұмауы қандай елдерде болды?
Шошқа тұмауы негізінен жануарлардың денсаулығы жөніндегі халықаралық ұйымда тіркелуге жатпайды (ВОЗЖ – OIE), сондықтан әлемдік тұрғыда оның жануарлар арасында таралуы онша белгілі емес. Ауру АҚШ-да эндемиялық деп есептелінеді. Солтүстік Америкада, Оңтүстік Америкада, Еуропада (Ұлыбритания, Швеция, Италиямен қоса), Африкада (Кения) және Шығыс Азияның кейбір аумақтарында, Қытай және Жапонияны қоса алғанда шошқа тұмауының өршуі туралы оқиғалар белгілі.
Емделу үшін қандай дәрі-дәрмектер бар?
Тұмаудың маусымдық түріне арналған вирусқа қарсы препараттар кейбір елдерде сатылады және ол аурудың алдын алуға тиімді және ауруды емдейді. Мұндай препараттарды екі топқа бөлуге болады: 1) адамантандар (амантадин және ремантадин) және 2) невроминидаз тұмауының ингибиторлары (озелтамивир және занамивир).
Шошқа тұмауының бұдан бұрын болған оқиғалары кезінде, медициналық және вирусқа қарсы емдеу шараларын қолданбай ақ толықтай сауығу оқиғалары орын алған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі