Жер шары жұмбаққа толы. Адамзатқа нығмет ретінде берілген бұл мекендер расында да адам айтып жеткізгiсiз әсемдікке ие. Егер де ciз саяхатқа шыға қалсаңыз, бұл таңғажайып жерлерге міндетті түрде соғуға тиicciз.
Исландиядағы Ватнайекүдл мұз үңгірлерi. Оның аумағы 8133 шаршы шақырымды құрайды, бұл бүкіл елдің 8 пайызына тең. Мұздың қалыңдығы орташа 400 метрден асып жығылады, кей жерлері 1000 метрге дейін барады.
Ақш-тағы отты сарқырама "Аттың құйрығы". Йосемит ұлттық паркінде "Ат құйрығы" атауына ие болған ерекше жер бар. Ақпан айында бұл мекенде қызық құбылыс орын алады. Саяхатшылар кәдімгі сарқыраманың отты сарқырамаға айналуына куә болады. Шындығында, бұл табиғи алдау, батып бара жатқан күннің сәулесі сарқырамаға ерекше түс береді.
Ағаштарда жайылатын ешкілер. Марокко. Ешкілер жартастарда тепе-теңдiк ұстай алатын акробаттық қасиеттерiмен белгілі. Алайда, Марокко Корольдігіндегi мына ешкілердiң құс секілді, ағаш үстіне қонақтап, жайылатыны ешкімді таңдандырмайды
Мальдив аралындағы айрықша жарқырайтын жағажай. Түн туысымен, Мальдив архипелагында ерекше құбылыс орын алады. Аспаннан түскен неон жарықтары жағажайды ертегі еліне айналдырады. Қою көгiлдiр түске шілде айынан ақпан айына дейiн боялады.
Қытайдағы әртүсті жартастар. Чжанье Дансья әртүсті жартастары- таңғажайып жартас түзiндiлерi. 2009 жылы Chinese National Geography журналы бұл мекендi Қытайдың ең әсем 6 жеріне қосты. Чжанье қаласынан 30 шақырым жырақта орналасқан. Саяхатшылардың сүйiктi орындарының бірi.
Жапония ормандарындағы жылтырауық қоңыздар. Әр жылы қиыр шығыс елінде маусымнан шілде аралығында, тоқтаусыз жаңбыр басталады. Осы уақыт аралығы- жапондар үшін сүйікті мезгілдердiң бірi. Себебі, осы кезеңде жылтырауық қоңыздар дәуірі басталады. Мыңдаған кішкене жәндіктер сары, жасыл және алқызыл түске еніп, жарқыраған ұшқындарға айналады. Олардың бас айналдырар билерін Манива, Окаяма, Айти және Оита қалаларынан көруге болады.
Калифорниядағы Калла гүлдері. Әр көктемде, Тынық мұхиты жағалауында жабайы Калла гүлдері (Calla Lily Valley) бой көтеріп шығады. Батып бара жатқан күннің нұрына шомылған мұхит аясындағы бұл көрiнiс ешкімдi бей-жай қалдырмасы анық.
Су асты сарқыраманың оптикалық көрiнiсi. Маврикий. Маврикий - Үнді мұхитындағы аралдық мемлекет. Африканың оңтүстік-шығысында 2000 шақырым жырақта орналасқан. Төбеден қарағанда, ерекше сарқырама көптеген зерттеушілердiң қызығушылығын оятып жүр.
Қытайдағы Хунхе-Хани күріш егістіктерi. Юньнань ауданының оңтүстік шығысында қарай бергің келетін күріш алқаптары орналасқан. Көз жауын алатын түрлі түсті мыңдаған айна секілді Айлао тауынан Қызыл өзенге қарай құлдилай түседі.
Қытайдағы табиғи өзен Ли. Аспан асты елі әрқашанда өзінiң ерекше табиғатымен суретшілердi өзіне әлі күнге дейін тартып жүр. Басқа әлемді елестетiн бұл табиғат жаңалықтары ақындардың неше түрлі өлең-жырларына мұрындық болған. Әсемдігiмен таңдай қақтыратын Ли өзенi ұзындығы 426 шақырым.
Жылжымалы тастар шөлi. Калифорния. Ежелгі құрғап кеткен Рейстрэк-Плайя өзенi түбіндегі қозғалмалы тастар америкалықтарға жақсы таныс. Тастың өздiгiнен жылжығанын iздерiнен байқауға болады
Халлербос- Бельгиядағы көк орман.
Венесуэлалдағы айдаһар сарқырамасы.
Көп салалы Митчелл сарқырамасы. Австралия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі