Егеуқұйрықпен қоректенетін өсімдік
Оңтүстік-шығыс Азияда жәндіктерді ғана емес, ұсақ кеміргіштерді де қорек ететін өсімдік өседі.

Ет қоректі құмыра пішіндес ашық қызыл гүлді ғалымдар Nepenthes northiana деп атады. Мұндай атты ол ағылшын танымал саяхатшысы М.Норттың құрметіне алған. Ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі өсімдіктерді зерттеумен айналысқан.

Nepenthes northiana негізінен егеуқұйрықтармен, шыбындармен және басқа да ұсақ жануар немесе жәндіктермен қоректенеді. Гүлшанағының өлшемінің диаметрі кейде 20 см-ге дейін жетеді. Құмыра, ашық тартымды түсімен қатар, жағымсыз иіс бөледі. Жануарлар дәл осы қармаққа елтіп, қышқылға толы құмыраға түседі. Ет қоректі өсімдік ас қорытуды дәл сол жерде бастап кетеді. Пішіні мен өсімдіктің қабырғалары сырғанақ болғандықтан егеуқұйрық сыртқа шыға алмай қалады. Айтпақшы, халық арасында танымал Венерина шыбынжек те егеуқұйрықтар мен тышқандарды жеуден тартынбайды. Бірақ пішін құрылысы мен өлшемдеріне байланысты оның аңшылықта жолы бола бермейді, сол себепті жануарлар гүлдің «қармағынан» кейде сыртқа шығып кетіп жатады.
Басқа да жазбалар
-
Тірі адамнан қарағанда өлі адамның қәзір әлемге тиіп жатқан пайдасы
-
Ұлттық киімдердің мәні мен ерекшелігі
-
Экология мәселелері: пластикпен күрес жолдары
-
Бүйрек,бүйрекүсті безінің анатомиялық құрылымы, морфологиясы, гормондық қызметі және клиникалық маңызын талдап, жүйелеу.
-
Бүйрек,бүйрекүсті безінің анатомиялық құрылымы, морфологиясы, гормондық қызметі және клиникалық маңызын талдап, жүйелеу
-
ОГНЕСТРЕЛЬНАЯ ТРАВМА: СУДЕБНО-МЕДИЦИНСКИЕ ПОДХОДЫ К ДИАГНОСТИКЕ И ЭКСПЕРТНОЙ ОЦЕНКЕ
-
Сот медициналық сарапшының этикасы мен кәсіби жауапкершілігі
-
Әрбір қиындық үшін жеңілдік келеді
-
Қызық факт: сіз-динозаврлардың бір бөлшегі болуыңыз мүмкін.
-
Миорелаксанттар. Жүйке тіні: жүйке талшықтары, жүйке ұштары, жүйке жасушалары және нейроглияға әсері
-
Адам жасушасы органоидтарының бұзылуы негізінде туындайтын аурулар
-
Генетикалық материалдың өзгергіштігі мен медициналық маңызы
-
Тоқтар мен электромагниттік өрістердің әсерінен ұлпаларда болатын биофизикалық процестер
-
Морфологическая картина травмы, вызванная воздействием на организм электрическим током в судебно-гистологической практике
-
Механическая асфиксия: Утопление как одна из форм асфиксии
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі